Super User

Super User

Кентауда «Қала күніне» арналған жүгіру марафоны өтті

Кентау қаласының «Қала күніне» арналған жүгіру марафоны өтті. Салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жарысқа 14 жастан жоғары 500-ге жуық тұрғын қатысты.  Марафон қатысушылары қаладағы Д.Қонаев көшесі бойымен 3 шақырым қашықтықты жүгіріп өтіп, жарыстың мәресіне Ынтымақ алаңында жетті. Қатысушылар бүкіл қашықтық бойында өздерінің шапшаңдығы мен ептілігін, күш-жігері мен төзімділігін көрсетті.

Кентауда қарттар арасында интеллектуалды сайыс өтті

Кентау қаласында қарттар арасында «Даналық пен жаңашылдық» атты интеллектуалды сайыс өтті. Танымдық шараға аға буын өкілдерінен құралған 10 команда қатысып, білімдері мен зеректіктерін, тапқырлықтары мен ұйымшылдықтарын ортаға салды.

Кентауда «DIGITAL KENTAU–2026» республикалық форумы аясында гала-концерт өтті

Кентау қаласында цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және заманауи медиа бағыттарын қамтитын «DIGITAL KENTAU–2026» республикалық форумы өткені белгілі. Ауқымды іс-шараға елімізге танымал сарапшылар мен білікті спикерлер қатысып, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану, жаңа медиа мен заманауи контент өндірісін дамыту бағытында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кентау қаласында отандық күштік трансформаторлар өндірілуде

Түркістан облысының Кентау қаласында электр энергетикасы саласын дамытуға бағытталған жаңа өндірістік жоба жүзеге асырылуда. «Кентау» күштік трансформатор зауыты ЖШС «TURAN» арнайы экономикалық аймағында орналасып, отандық күштік трансформаторлар өндірісін қолға алды.

Осы RSS каналға жазылу