ШЫМКЕНТ: СТЕНД АТУДАН 18 МЕДАЛЬ ҚОРЖЫНДА!

2022 жылдың 28 шілдесінен 8 тамызына аралығында Алматы қаласында өткен (Қазақстан) стенд атудан Х-Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Шымкент қаласының құрама командасы 18 медаль жеңіп алды, оның ішінде 7 алтын, 6 күміс және 5 қола бар.

31 шілдеден 2 тамызға дейін «трап» жаттығуында спортшылар келесі нәтижелер көрсетті:

Жеке есепте әйелдер арасында САРСЕНКУЛЬ РЫСБЕКОВА қола медальға ие болды.

Жасөспірімдер арасындағы жеке есепте МАКСИМ БЕДАРЕВ күміс медальға ие болды.

Жасөспірімдер арасындағы жеке есепте күміс жүлдені САРМАНОВА НАРГИЗА , қола медальді біздің қазақстандық ПРИЛЕПИНА АНАСТАСИЯ жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасындағы командалық есепте спортшылар «трап» жаттығуының чемпионы атанды.

Ересектер арасында «трап\микс» аралас жаттығуында МАРИЯ ДМИТРИЕНКО/ ВИКТОР ХАСЯНОВ күміс медальға ие болды.

Жасөспірімдер арасында «трап\микс» аралас жаттығуында АНАСТАСИЯ ПРИЛЕПИНА \ БОГДАН КОНЧЕНКО алтын медальга қол жеткізді, НИКИТА МОИСЕЕВ \ МАРИЯ МАРТИНКЕВИЧ күміс медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы командалық есепте Қазақстан құрамасы қола медальға ие болды, құрамында біздің спортшылар МАРИЯ ДМИТРИЕНКО мен САРСЕНКУЛЬ РЫСБЕКОВА.

Жасөспірімдер арасындағы командалық есепте Қазақстан құрамасы алтын медаль иеленді, құрамында МАКСИМ БЕДАРЕВ / ДАНИИЛ ПОЧИВАЛОВ.

3-7 тамыз аралығында «skeet» жаттығуында спортшылар келесі нәтижелер көрсетті:

Әйелдер арасында жеке есепте алтын медальді ЗОЯ КРАВЧЕНКО жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасындағы жеке есепте күміс жүлдені НАТАЛЬЯ ПЛАТОНОВА , қола медальді AМАЛИЯ КУДРЯВЦЕВА жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы командалық есепте Қазақстан құрамасы алтын медаль алды, құрамында спортшымыз ЗОЯ КРАВЧЕНКО.

Командалық есепте ерлер арасында қола медальға ие болдық, команда құрамында ДАВИД ПОЧИВАЛОВ.

Жасөспірімдер арасындағы командалық есепте алтын медаль иеленді, құрамында АМАЛИЯ КУДРЯВЦЕВА/ НАТАЛЬЯ ПЛАТОНОВА.

Жасөспірімдер арасындағы командалық есепте спортшылар чемпион атанды, команда құрамында АСАДИ РАХИМ.

Жасөспірімдер арасындағы «skeet\mix» аралас жаттығуында күміс жүлдегерлері атанды, құрамында АСАДИ РАХИМ.

Естеріңізге сала кетейік, жарысқа Әзірбайжан, Катар, Кувейт, Иран, Пәкістан, Қытай, Тайбэй, Сауд Арабиясы Корольдігі, Тайланд, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан сияқты азиялық контингенттен әлемнің 300-ден астам мықты спортшылары қатысты.

 

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА СПОРТ МЕКТЕБІ БОЙ КӨТЕРМЕК

Шымкент қаласы Бозарық-3 шағынауданындағы Шымкент қаласының ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің жанынан қосымша тағы спорт мектебі салынуда. Қала әкімі М.Әйтенов бүгін аталмыш ғимараттың құрылыс алаңында болды.

Аумағы - 0,3200 га. Жобаға сәйкес - нысанда бір ауысымда 10-нан 23 жас аралығындағы 100 оқушы жаттыға алады. Бірінші қабатта - ауыр атлетика залы (олимпиадалық штанга 190кг. 180 кг., тренажерлер), киім ауыстыру бөлмелері, жуынатын бөлмелер (ерлер - 64 орын, әйелдер - 36 орын), тренерлер бөлмесі, 16 орынға арналған асхана, медпункт, жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері болады. Ал, екінші қабатта - әмбебап спортзал (күрес, греко-рим күресі кілемдері, дзюдо татамиі, бокс рингі), жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері, жуыну және киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған.

Құрылыс жұмыстары 2023 жылы ақталады.

Айта кетейік, Шымкент қаласының құрылыс басқармасы 2022 жылы бюджет есебінен бөлінген 56,8 млрд. теңгеге 90 нысанның құрылысын жүргізуде. Оның ішінде, 31 кредиттік тұрғын үй және 20 арендалық тұрғын үй салынуда. Сонымен қатар, Инженерлік инфрақұрылым бойынша Тұран шағын ауданында 5 жоба, Бозарық шағын ауданында 6 жоба, ӘІО 2 жоба және Жанаталап тұрғын алабында 2 жоба жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Әлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша 13 нысанның (4 спорт нысаны, 3 мәдениет нысаны, 2 саябақ, 2 өрт сөндіру нысаны, 1 биотермиялық шұңқырдың және 1 денсаулық сақтау құрылысы) құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде, 1 саябақ, 2 спорт нысаны, 1 өрт сөндіру нысаны және 1 биотермиялық шұңқырдың құрылысын биылғы жылы аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, 8 мектеп құрылысы, 1 колледж, 1 оқушылар сарайы және 1 балалар шығармашылық орталығының құрылысы жүргізілуде. Жылдың аяғына дейін 5 мектеп, 1 колледж және 1 балалар шығармашылық орталығын пайдалануға беру жоспарлануда.

 

ШЫМКЕНТТІК КАРАТИСТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

АҚШ-тың Бирмингем қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік ойындарда каратэ бойынша Қазақстан құрамасының намысын қорғаған Софья Берульцева жеңімпаз атанды.

Әлемнің үздік каратистері қатысқан турнирдің финалында Софья Берульцева испандық Мария Торрес Гарсияға қарсы татамиге шықты. Шымкенттік спортшы 68 килограмнан астам салмақта өз шеберлігін көрсетіп, алтын медальға ие болды.

Софья Полихроновна Берульцева  — қазақстандық каратэші, 2020 жылы Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Ол 6 жасында Шымкентте каратэмен айналыса бастаған. 2016 жылы Джакартада, 2017 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында 59 келіден жоғары салмақта алтын медальға қол жеткізген. 2017 жылы Тенерифеде (Испания) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті. 2018 жылы Мадридте өткен әлем чемпионатында бірінші айналымда жеңіліп қалады. 2019 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күміс медаль иегері. 2021 жылы 7 тамызда 2020 жылы Токиода өткен Жазғы Олимпиада ойындарында 61 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қолаға қол жеткізген.

Біле жүріңіз!  Бұл дәстүр. Олимпиададан кейінгі жылы Дүниежүзілік ойындар өтеді. Биылға 11-ші ойындарда Әлемнің үздік спортшылары спорттың 30 түрінен алтынға таласады.8-9 шілдеде «Bill Battle Coliseum» деген әйгілі аренада жанкүйерлер каратэ супержұлдыздарының, соның ішінде Олимпиада жүлдегерлерінің жарысын тамашалауда. Қатаң іріктеу нәтижесі бойынша Алабамаға ең мықтылар келді – 96 спортшы: ерлер мен әйелдерге арналған кумитеден 5 салмақ дәрежесінің әрқайсысында 8, сондай-ақ катадан 8 спортшы.

Еске салайық, Дүниежүзілік ойындар – Олимпиада ойындарының бағдарламасына кірмейтін спорт түрлерінен халықаралық кешенді жарыстардан тұрады. Олар 1981 жылдан бері төрт жылда бір рет, 2001 жылдан бастап Халықаралық Олимпиада комитетінің қамқорлығымен өткізіліп келеді. Ұйымдастырушы 1980 жылы 12 спорт федерациясының жетекшілерінің бастамасымен құрылған Халықаралық Дүниежүзілік Ойындар Ассоциациясы (IWGA) болып табылады, олар өз спорттарын Олимпиада бағдарламасына енгізгенге дейін танымал етіп, мәртебесін көтеруге ұмтылды.

 

 

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНА 6 МЫҢ ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында биыл Шымкентте «Шымкент жастар лигасы» жобасы екінші рет ұйымдастырылды. Өткен жылы бұл шараға 140 мектеп қатысқан болса, биылғы жылы спорттың 4 түрінен 151 мектептен 6 мыңға жуық оқушы қатысты. Жастар арасындағы жарыс үш ай көлемінде спорттың  футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен өтті. Жастар лигасының жалпы жүлде қоры 80 млн. Теңгені құрады. Жеңімпаз командаларға 20 млн. теңге көлемінде ақшалай сый берілді. Лигада шахмат бойынша бірінші орынды №9 мектеп-лицейдің оқушылары, баскетболдан №8 мектеп-гимназиясының командасы жеңіп алды, ал №113 орта мектептің оқушылары волейболдан үздік атанды. Ал №65 мектеп командасы футболдан жастар лигасының чемпионы атанды.. Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Металлург» стадионын реконструкциялау, №12 спорт мектебі ғимаратына қосымша құрылыс және Бозарық шағынауданында ауыр атлетика спорт кешені, «Медициналық колледжі» спорт залының құрылысы жүргізілуде.Сонымен бірге, жеке инвесторлар есебінен «Ипподром» және «Үстел теннисі орталығының» құрылысы жүріп жатыр.

Айта кетейік,  2022 жылдың 5 айында қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып 312-алтын, 271–күміс, 310–қола медаль жеңіп алған.

Тарқатып айтар болсақ, шымкенттік спортшылар жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында 31–алтын, 9–күміс және 16-қола медальдарға қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 1-алтын, 1- күміс және 2-қола медальге ие болыпты. Сондай-ақ, рейтингтік Халықаралық турнирлерде спортшыларымыздың жетістігі орасан.
2022 жылдың 01-15 мамыр аралығында Кашиас-ду-Сул /Бразилия/ қаласында өткен ХХIV Сурдлимпиада ойындарында 1 күміс медаль (Рсалы Сабыржан еркін күрестен)  және 5 орынды  (Пернеш Шадияр еркін күрес) иеленді. Оқушылар арасында Франция мемлекетінде (Нормандия қаласы) спорттың 21 түрінен өткен Дүниежүзілік жазғы гимназиядаға Шымкент қаласынан 22 спортшы 11 спорт түрінен қатысып, 5 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алыпты. 2022 жылдың 5 айдың қорытындысы бойынша  3-Еңбегі сіңірген спорт шебері, 27- халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 124 - Қазақстан Республикасының спорт шебері, 197 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

ШЫМКЕНТТІК ГИМНАСТШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 4 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

23-26 маусым аралығында Тайландтың Паттайя қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтті. Бұл жарыста шымкенттік екі спортшы Эльжан Таниева (2005 жылы туған) мен  Милан Парфилова (2007 жылы туған) Қазақстанның намысын қорғады.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, көпсайыста шымкенттік  Эльжан Таниева 7-ші орыннан көрінді.Жеке біріншіліктің финалында Эльжан Таниева лентамен көрсеткен өнерде бір алтын, түйреуішпен жасаған жаттығуда күміс медальін жеңіп алды.

Ал, Милана Парфилова доппен жаттығуда алтын және шеңбермен көрсеткен өнері бойынша бір күміс жүлдесін иемденді.  Қазақстан құрамасы командалық және көпсайыс жаттығуларда жақсы өнер көрсетті. Әсіресе жасөспірімдер қос бағытта да бірінші орынға тұрақтады. Ал жекелей сында Милана Парфилова топ жарды. Ол доппен жаттығу жарысына қатысқан болатын. Бұған қоса, Айым Мейіржанова мен Эрика Жайлауова күміс жүлдегер атанды. Олар сәйкесінше, булавамен және лентамен өнер көрсеткен еді. Ересектердің де көрсеткіші жаман емес. Қазақстан құрамасы командалық біріншілікте 2-орынға тұрақтаса, көпсайыс бәсекесінде үздік үштікті түйіндеді. Айта кетейік, 2021 жылдың басынан бері шымкенттік спортшылар Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубогтары мен біріншіліктерге қатысып 315 алтын, 239 күміс, 284 қола медаль жеңіп алған болатын. Жыл басынан бері Шымкенттік спортшылар Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубогтары мен біріншіліктерге қатысып 315 алтын, 239 күміс, 284 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионатары мен кубогтарында қала спортшылары 3 алтын, 3 күміс, 3 қола медальге қол жеткізсе, Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 1 алтын, 5 күміс және 7 қола медальге ие болды. 5 айда 3 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 64 — Қазақстан Республикасының спорт шебері, 102 — спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

Айта кетері, осыдан бір күн бұрын Қазақстан командасы топпен жаттығудан алтын медаль иеленген еді. Спортшы қыздарымыз шеңбермен өнер көрсетуде 30 балл алып, топ жарды. Көркем гинастиканың бұл түрінде күміс Өзбекстанға, қола Жапонияға бұйырды.

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

ШЫМКЕНТТІК ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ

28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай  Қажымұқан атындағы орталық стадионда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. 

 Іс-шара оңтүстік журналистикасының атасы, Қазақстанның Құрметті журналисі марқұм Байдулла Қонысбекті бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. БАҚ өкілдерінің спорттық  бәсекесін  Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Үш күнге созылған спорттық шараға 11 команда қатысуға ниет білдіріпті. Қатысушылар спорттың  волейбол, шахмат, футбол, үстел теннисі, бильярд және арқан тарту түрі  бойынша сайысты. Сонымен спорттық бәсекеде волейбол жарысынан 1-орын «ERNUR» корпорациясы, 2-орын «Рейтинг-Собкор», 3-орын «Ернияз» командасына бұйырды. Қыздар арасында өткен үстел теннисінен 1-орынды «Оңтүстік», 2-орынды «Үштаған», 3-орынды «НарТв» командасы жеңіп алды. Дәл осы спорт түрінен ерлер арасындағы бәсекеде 1-орын «Рейтинг-Собкор», 2-орын ««ERNUR» корпорациясы, 3-орын «Оңтүстік» командасының қанжығасында кетті. Бильярдтан жекелей сайыс тартысты өтті. Алайда, бұл ойында бағы мен бабы қатар шапқандар ғана жеңіс тұғырынан көрінді. Сонымен бильярдтан 1 орынға «НарТв», 2- орынға «Үштаған», 3-орынға «Оңтүстік» командасы лайық деп танылды. Ақыл-ойдың күштілігі безбенге түскен шахмат жарысында ұлдар командасынан 1 және 3 орындарға «Рейтинг-Собкор», 2-орынға «Үштаған» тобы ие болды. Ал қыздар арасындағы шахмат жарысында 1-орынды «Шымкент келбеті» , 2-орынды ақпараттық коммуникациялық орталық, 3-орынды «13kz» командасы иеленді. Жарыстың соңғы күнінде арқан тарту бәсекесінде «Оңтүстік» командасы І орыннан көрінсе, «Шымкент келбеті» газетінің ұжымы ІІ, «Рейтинг-Собкор» ІІІ орын тұғырына көтерілді. Журналистер арасындағы жарыстың нүктесін қойған шағын футбол сайысында 1-орынды ақпараттық коммуникациялық орталық, 2-орынды «ERNUR» корпорациясы, 3-орынды «Рейтинг-Собкор» командасы еншіледі. Қорыта келе, Шымкентте БАҚ өкілдері арасында үш күн өткен тартысты бәсекеде жалпы командалық есеп бойынша 1-орынды Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығы, 2-орынды – «ERNUR» корпорациясы, 3-орынды – «Рейтинг-Собкор» ұжымы иеленді.

"AQ-QARA.KZ"- ақпарат

ШЫМКЕНТТІКТЕР ЖҮГІРУ МАРАФОНЫНА ҚАТЫСТЫ

Шымшаһарда қала күніне орай түрлі шаралар өтіп жатыр.  Жалпықалалық бұқаралық жүгіру сайысы соның - бірі. «Royal» фитнес клубының алдынан басталып, Наурыз алаңында қорытындыланған 5 шақырымдық жаппай жүгіру сайысына  500-ден астам қала тұрғыны қатысты.

Қала күніне орай ұйымдастырылған бұл шараны қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ашып берді. Ол саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Таңмен таласа оянып жүгіруге келген қарапайым жұрттың арасында әлем чемпиондары да бар. Олар тұрғындарға қолдау білдіруге келіпті. Солардың бірі - біржан Жақыпов.

"Мен өзім жүгіру марафондарын қалдырмаймын. Бүгін де таңертең тұрып, қала тұрғындарымен бірге жүгіруге келдім. Спорт-салауатты өмір кепілі. Спортпен шұғылданайық",- деді ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Біржан Жақыпов.

Жалпы спортшылар берілген жолды 40 минутта жүгіріп өтуі қажет болған. Алайда алғаш болып финишке жеткен Азизхан бұл шыңды небәрі 15 минут 58 секундта бағындарыпты. 

Қалалық дене шынықтыру және спорт басқарамсындағылардың айтуынша, көптің көңілінен шыққан жаппай жүгіруге бюджет қаражатынан бірде-бір ақша бөлінбеген. Шара 100 пайыз демеушілердің есебінен ұйымдастырылыпты.

"Ең басты мақсатымыз бірінші,екінші орынды анықтау емес. Мұндағы жүгіруге қатысқан әрбір шымкенттік бұқаралық спорттың дамуына үлес қосуда. Әрі бұл жерде жүлде қоры деген жоқ. Барлық қатысушыларға естелік марапаттар табысталды. Әрі арнайы қала күнінне орай 500 медаль дайындалды. Бірақ қатысушылар саны одан да көп болды. Бұл, әрине, қуантарлық жайт",-деді Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары Ермек Дәрменов.

Саламатты өмір салтын насихаттап, белсенді қатысқан тұрғындар естелік медальдармен марапатталды.

Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов іс-шара одан әрі жалғасын табатынын атап өтті.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

«ШЫМКЕНТ БАРЫСЫ – 2022» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Шымкентте қазақша күрестен «Шымкентбарысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі басталды. Шара «Қала күніне» орай ұйымдастырылып отыр. Белдесуде 90 келіден астам салмақ дәрежесінде 26 балуан күш сынасады.

Жарыс Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионның жеңілатлетикалық аренасында өтуде. Турнирдің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов балуандарға сәттілік тіледі.


Ұлттық спорт түрлері ата-бабаларымыздан кележатқан асылмұрамыз. Біз оны көзіміздің қарашығындай сақтап, дамытуымыз керек. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз аз емес. Оның айғағы ретінде қазақ күресінен Әлемдік деңгейде биік тұғырлардан көрінген, Әлем Чемпионатының жеңімпазы, Әлем Барысының күміс жүлдегері, Евразия Барысының жеңімпазы - Ерсұлтан Мұзаппаров және Әлем Чемпионатының жеңімпазы, Азия Чемпионатының үш дүркін жеңімпазы - Әділжан Истабаевты айтып өтуге болады. Бүгінгі жарыс барысын да балуандарға сәттілік тілеймін, -деді қала әкімі М.Әйтенов.

Жарысқа Әлем және Азия Чемпионатының жүлдегерлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберіне үміткерлер қатысуда.

Айтулы спорт додасын Б.Нарымбетов бастаған қала мәслихатының депутаттары, Майра Мұхамедқызы, Мұхтархан Ділдәбеков тамашалауда.

Қазіргі таңда қаланың 4 спортмектебінде қазақ күресімен 466 спортшы кәсібитүрде шұғылдануда. «Шымкент барысы» іріктеу турнирінде палуандар 30 белдесу өткізеді. Ақтықсында 1-2 орыналған 2 балуан шілде айында еластанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстан барысы» республикалық жарысында Шымкенттің намысын қорғайтын болады.

Одан бөлек, боз кілемде кіл мықтыны саралаған бәсекеде жеңімпаздарға «Шымкент барысы» белбеуі мен қомақты жүлде қоры тағайындалған.

 Айта кетейік, жарыс қорытындысыбойынша 1 орын иегеріне «Нексиа» автокөлігі, 2 орынға 500 000, 3 орынға 300 мыңтеңгеа қшалайсыйлық беру доспарда бар.

 

 

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат