5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 елден 2430 спортшы қатысады
Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық туралы баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев және «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК директоры Бақдәулет Сабитов қатысты.