Шымкенттік оқушы ХХ Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Азия ойындары – Гонконгте өткен батутта секіруден жасөсіпірімдер арасында Жақсылық Әбілмансұр қатысты. Қаршадай ғана қазақ баласы сен тұр, мен атайын деген елдердің спортшыларымен бақ сынасты. Жай ғана сынасқан жоқ, жеңіс тұғырына көтерілгендер қатарынан көрінді. Турнирге қатысушылар: Қытай, Жапония, Өзбекстан және 10 мемлекеттен өздерінің кіл мықты спортшылары қатысты. Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды.