Түркістан облысы: Шардарадағы спорттық жарыстар Түркістан көшіне арналды
Шардара ауданында Түркістан облысы әкімдігі мен басқарма қызметкерлерінің Түркістан қаласына қоныс аудару құрметіне орай спорттың жағажай түрлерінен жарыстар ұйымдастырды. Аудан әкімдігі мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен өткен жарыста қала мен ауылдық округтерден келген спортшылар жағажай волейболынан, жағажай футболынан және балық аулаудан өзара сынға түсті.