Түркістан қаласында Мұхтархан Ділдәбеков атындағы халықаралық бокс турнирі басталды
Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде бокстан Сидней Олимпиадасының және әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, ҚР Бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбековтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы XIV халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.