Шымкентте үлкен теннистен халықаралық турнир өтті

Жастар арасындағы ATF турнирі Шымкентте осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған қатысу үшін спортшылар Америка, Қытай, Испания, Румыния, Чехия және Грузия елдерінен келген. Сынға түскен 15 мемлекеттің теннисшілері арасында ресейлік Святослав Гулин де бар. 

Шымкент: Қала әкімі ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспановты қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов әскери самбодан 3 дүркін Әлем чемпионатының жеңімпазы, ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспановты қабылдады. Кездесу барысында елімізде спортшыларға жасалып жатқан жағдайлар мен бүгінгі олардың жеткен жетістіктері туралы сөз қозғалды. 

Түркістан облысы: Арыс қаласында ауыр атлетика кешені ашылды

Олимпиада ойындарында елімізге көптеп медальдер жиынтығын беретін ауыр атлетика спортын Түркістан облысында дамыту үшін бірқатар игілікті істер атқарылуда. Бүгін Арыс қаласында №2 олимпиадалық спорт мектебі жанынан ауыр атлетика спорт кешені ашылды. 

Шардарада әуесқой балық аулаушылар арасында халықаралық жарыс басталды

Жетісай аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Жетісай аудандық аңшылар мен балықшылар қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан екі күндік сайысқа Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш, Келес аудандарымен қатар Шымкент қаласынан, көршілес Өзбекстан елінен 25 команда қатысуда.

Түркістан облысы: Түлкібастық балуандар «Азия чемпионы» атанды

Алматы қаласында ұлттық спорт түрі көкпардан І Азия чемпионаты болып өтті. Тартысты аламанға 8 мемлекеттің құрамасы қатысты. Азия ойындарында «Түлкібас ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» спортшылары, Қазақстан құрамасының мүшелері Мамыт Әділет пен Қарқабат Бекзат жүлделі І орынды иемденді. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданы спортшылары мен бапкерлері марапатталды

Тәуелсіз еліміздің әлемдік спорт додаларында биіктен көрінуіне Түлкібас ауданының спортшылары да өз үлесін қосып келеді. «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлыққа сәйкес «Спорт күні» кәсіби мерекесі елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі жыл сайын жоғарғы деңгейде аталып өтілуде. Осы орайда, кеше аудан орталығындағы мәдениет үйінде аудан спортының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген спортшылар мен бапкерлер және ардагерлерді марапаттау шарасы өтті. 

Түркістан облысында спортшылар кәсіби мерекесін атап өтті

Еліміздің атақ-даңқын шығарып, мерейін үстем етіп келе жатқан қазақстандық спортшылар кәсіби мерекесін атап өтті. Өңірдегі «Біркөлік» сауықтыру-спорт кешенінде сала үздіктері анықталды. Жемісті еңбек еткен спортшылар мен бапкерлер марапат биігінен көрінді.