Түркістан қаласында спорт саңлақтары марапатталды

Тамыздың үшінші жексенбісі – елімізде спорт күні мерекесі. Кәсіби мерекені өңіріміздің спортшылары да лайықты деңгейде атап өтті. Онда дүбірлі додаларда ел намысын қорғап жүрген саңлақтар мен жаттықтырушыларға құрмет көрсетілді. Сонымен қатар футболдан жасөспірімдер арасындағы жарыстың жеңімпаздары анықталды. 

Түркістан облысы: Созақ ауданында қариялар арасында асық атудан жарыс өтті

Ағымдағы аптада аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1967), мал шаруашылығын өркендетуге қосқан үлесі үшін «Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген ауыл шаруашылық қызметкері», есімі «Қазақ КСР-нің Алтын кітабына» жазылған (1964), 2 Ленин (1964, 1975), Еңбек Қызыл Ту (1971, 1977) ордендерінің иегері, Созақ ауданының Құрметті азаматы Қалы Байымбетовті еске алуға арналған асық атудан аудан ардагерлері арасында жарыс өтті. Аталған жарыс аудан орталығы Шолаққорғандағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде болды. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында спорт кешенінің тұсауы кесілді

Састөбе кентінің жастары жаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен қарсы алмақ. Бүгін спорт күні мерекесіне орай кент орталығынан 240 адамға есептелген «Ер Жәнібек» атындағы су жаңа шынықтыру-сауықтыру спорт кешені ашылды

Түркістан облысы: Ескек есушілер лицензиялық турнирлерге қатысады

21-25 тамыз аралығында Венгрияның Сегед қаласында дүниежүзінің ескек есушілері әлем чемпионатында бақ сынайды. Токио олимпиадасының лицензиялық жолдамасы сарапқа салынатын додаға Түркістан облысының спортшылары да қатысады. 

Түркістан облысы: Болашақ чемпиондар сынақ емтихан тапсырып жатыр

Түркістан облыстық Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатына спорттың 10 түрі бойынша емтихан қабылдау басталды. Атап айтсақ, бокс, грек-рим, еркін күрес, дзюдо және қазақ күресі мен таэквондо, каратэ және футбол мен жеңіл атлетика, ауыр атлетика спорт түрлері бойынша сынақ емтихандарын өткізетін болады. 

Түркістан облысы: созақтық балуандар «ASIA OPEN» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

Шілде айының 27-28 күні Нұр- Сұлтан қаласында грепплингтен «ASIA OPEN» Халықаралық жарысы өтті. Айтулы жарысқа әлемнің 6 елінен Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан елінен 600 тарта спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде облыс, аудан намасын қорғаған Мыңжасар Алпамыс, Болат Жолшыбеков, Ұласар Мұқаш, Абзал Саттар тұғыр бигінен көрініп, жарыстың жүлдегері мен жеңімпаздары атанды.

Түркістан облысы: Шардаралық спортшылардың республикада шоқтығы биік

Спортшылардың кәсіби мерекесіне орай қаладағы орталық стадионда салтанатты іс-шара өткізілді. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған мерекелік шарада аудан әкімі Қайрат Жолдыбай құттықтау сөз сөйлеп, Шардара спортының республикада шоқтығы биік екенін атап өтті. 

Түркістан облысы: Түркістанда жүгіру марафоны дәстүрге айналып келеді

Түркістанда Жастар жылына орайжалпықалалық жүгіру марафоны өтті. Жарыс жолы Есімхан алаңынан басталып, Жеңіс саябағымен жалғасты. Марафонға қасиетті шаһардың тұрғындарынан бөлекқала қонақтары да қатысып, белсенділік танытты.