Шымкентте «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында кездесу өтті

Шымкент қаласында «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында кездесу өтті. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған жиынға елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, психологтар мен қалалық полиция департаментінің өкілдері қатысты. 200-ге жуық адам қатысқан алқалы отырыста жан-жақты ұсыныстар мен тәлімі мол әңгімелер айтылды.

Шымкенттіктер «Қазақстан барысын» қошеметпен күтіп алды

Қазақ күресінен “Қазақстан барысы” республикалық турнирінің күміс жүлдегері Ерсұлтан Мұзаппаровты Шымкент әуежайынан спорт мектебі басшылары, жанкүйерлері зор қошеметпен күтіп алды. Салтанатты күтіп алу іс-шарасында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақытжан Жақсықұлов жерлесімізді жеңісімен құттықтап, алдағы бәсекелерде сәттілік тіледі. 

Шымкенттік спортшылар Грецияда өткен әлем чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды

 "Шымкент қаласының жоғары спорт шеберлігі мектебінің" джитсерлері Грекияның Ираклион қаласында өткен JIU-JITSU WORLD CHAMPIONSHIP 2024 әлем чемпионатында 6 алтын және 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Чемпионатқа әлемнің 56-дан астам елінен 2035 спортшы қатысты, олардың арасында Қазақстан құрамасының өкілдері өз шеберліктерін сәтті көрсетті. 

Джиу-джитсудан ересектер мен әйелдер арасында Әлем чемпионатында спортшыларымыз жеңіс тұғырынан көрініп, әнұранымызды 6 рет шырқатты.

«Шымкент қаласының жоғары спорт шеберлігі мектебінің» джитсерлері өздерінің салмақ және жас санаттарында мықты бола отырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар арасында бәсекелестік жоғары болды, бірақ табандылық пен шеберліктің арқасында біздің спортшылар құрметті орындарға ие болды.

????Contact-system????

1 орын - Абишев Бекболат 69 кг

1 орын - Таджибаев Нурбек 77 кг

1 орын - Тоқтыбаев Талант 85 кг

1 орын - Мырзабеков Багдаулет 94 кг

1 орын - Шукурова Роза 45 кг

1 орын - Ахмет Кымбат 48 кг

2 орын- Жүніс Түймегүл 48 кг

3 орын -Катбаев Галымжан 85 кг

????Fighting-system????

2 орын - Шукурова Роза 45 кг

3 орын -   Катбаев Галымжан 85 кг

Жаттықтырушылар: Оралбеков Бауыржан, Сыздықбаев Бауыржан. 

Айта кетейік, халықаралық жекпе-жек қауымдастығы Қазақстанды джиу-джитсуды дамытудағы жетекші елдердің бірі деп таныды. Республикада 10 мыңнан астам стиль ізбасарлары мен ондаған Әлем чемпиондары бар.

 

Шымкент: Әлеуметтік сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі - әлеуметтік сала қызметкерлері болып бекітілген.Мерекеге орай Шымкент қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шарасы өтті.

Шымкентте Халықаралық шахмат фестивалі өтті

Шымкентте Freedom Holding Corp. компаниясының қолдауымен, KazChess/Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған шахмат фестивалі өтіп жатыр. Іс-шаралар аясында 29 қазанда ашылатын 2024-2025 жылғы ФИДЕ әйелдер Гран-приінің 2-ші кезеңі, 2024 жылғы Қазақстан Балалар Кубогының 6-шы кезеңі – В.В. Печерский Мемориалы және Шымкенттің 1-ші Ашық Кубогы қатар өткелі тұр.

Шымкент: Әлеуметтік қорғау саласындағы қызметкерлер марапатталды

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов және департаменттің басшысы Руслан Тұңғышбаев ұжым қызметкерлерімен кездесу өткізіп, кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.