Жетісайда - «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»

Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың маусым айының 13-21 күндері аралығында жүргізілетін «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы аясында мекеме ғимаратында дөңгелек үстел өткізілді.Аталмыш шараға орталық психологтары, аудандық әжелер алқасының мүшелері, «Шаңырақ» отбасы клубының жетекшісі Камира Сламбековна, Жетісай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Жанна Шалбекова, аудандық аналар кеңесі төрайымының орынбасары Галия Бектурганова мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының маманы Бекзат Рысбай Жолдасбекұлы қатысты.Шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу жұмыстары бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау, халықтың кең ауқымының назарын аталған проблемаларға аудару, сондай-ақ, азаматтардың полиция органдарына деген сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мәселелері талқыланды. Ұсыныс-пікірлер айтылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.Сонымен қатар, көпшілікті әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен алдын алу жұмыстарын жеке жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған республикалық акция аясында аудандық «Жетісай Жастар Ресурстық Орталығы» КММ қызметкерлері мен аудандық полиция бөлімі инспекторларының қатысуымен халық көп шоғырланған орындарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Отбасындағы зорлық-зомбылық бұл - қазіргі біздің дамыған қоғамымыздағы   көкейкесті мәселе, нәтижесінде одан жиі әйелдер зардап көреді» дейді мамандар. Олардың сөзінше,  әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық орын алуына ер азаматтарының алкагольге тәуелді болуы және бұл зорлық-зомбылықтың орын алуына ең негізгі фактор болып табылады. Нәтижесінде отбасыларының шаңырағы бұзылып, балалар зардап шегеді. Ең бастысы зорлық-зомбылық кей жағдайларда ауыр қылмыстардың орын алуына соқтырады. Біздің қалыптасқан менталитетімізге байланысты көптеген әйелдер  отбасыларындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтарына шыдап, оны жасырып келеді. Мұның бәрі аянышты нәтижелерге алып келеді.

Криминологиялық зерттеулерге сү­й­ен­­сек, зорлық-зомбылық жасағаннан ләззат алатын агрессорлар бар. Мұндайда отбасы мүшелері «оңай олжа». Өйткені агрессор олардың ешқайда кетпейтінін және оған төзетінін біледі. Мысалы, кішкентай балалар қайда кете алады?! Мұндай агрессорлар отбасы мүшелеріне қол көтеру үшін кез келген сылтау іздей­ді. Дұрыс жауап бермеді, үйге кеш оралды, кешкі асты дұрыс дайындаған жоқ...

Жұмыс тобымызда қазақстандық және халықаралық құқық жөніндегі тәжірибелі криминолог ғалымдар бар. Олардың зерттеу нәтижелері де заң жоба­сын әзірлеу кезінде ескерілді. Атап айтқанда, зорлық-зомбылықты мы­нан­дай әдістермен шешуге болады. Біріншісі, үйдегі жанжалдарды бейбіт жолмен шешу, саналы ата-ана болу, ашуланшақтық пен эмоцияны басқаруға психологиялық көмек көрсету арқылы халықты құқықтық тәрбиелеу арқылы. Екінші әдіс – жазаның неғұрлым тиімді шараларын енгізіп, агрессорға тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағанда жауапқа тартылатынын түсірдіру.Азаматтар жиі шоғырланатын және көп жүретін орындарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау тақырыптарында 10-ға жуық плакаттар орналастырылып, 100-ге тарта жадынамалар мен буклеттер таратылды.

 

Мақтааралдық полицейлер көлігіне жалған нөмір таққан жүргізушіні жауапқа тартты

Полиция қызметкерлері қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздікті сақтау сынды кезек күттірмес қиын да қауіпті қызметтерімен бірге, жол қозғалысы, жол апаттарының алдын алу мақсатында сан алуан жұмыстар жүргізеді. Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері осындай кезекті рейд кезінде Атакент кентіндегі полиция пунктінің алдында тұрған «Daewoo Nexia» маркалы автокөліктің нөмірінің жалған болуы мүмкін екендігіне күдіктенді. Осы бойынша полиция қызметкерлері шұғыл әрекетке кірісті. Қажетті шараларды іске асыра отырып жүргізушінің көлігіне жалған мемлекеттік нөмір тағып алғанын анықтады. Аталған жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлігі «Көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу белгілерін орнату» бойынша хаттама толтырылды.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері жүргізушілерді осы тәрізді олқылықтарға жол бермеуге шақырады. Қайта жабдықтауды да заңға сәйкес жасау қажет. Одан бөлек жолда жылдамдықты асырмауға, маневр жасау қағидаларын бұзбауға, мүмкіндігінше сақтық шараларын қолданып көлік басқаруға кеңес береді.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

Келестік полицейлер 5 жасар қызды отбасына қайтарды

Келес аудандық полиция бөліміне әйел адам арызданды. Оның айтуынша, сағат 13:00 шамасында ауласында ойнап жүрген немересі белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Өздері іздеп таппаған соң, полиция қызметкерлерінен тауып беруін өтінген. Аталған жайтты естіген бойда полиция қызметкерлері тұрғынның үйіне барды. Олар мән-жайды анықтап, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған қыз 1 сағат уақыт аралығында 2 шақырымдық орталық базардан табылды. Анықталғандай кішкентай бүлдіршін ауласында ойнап жүріп, үйінен алыстап кеткен. Тәртіп сақшылары оны отбасына апарды.

Немересін аман-есен тапсырған тәртіп сақшыларына әжесі алғысын білдірді. Ол: «Полиция қызметкерлерінің жылдам әрекеттерінің арқасында немерем 1 сағатта табылды. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Сіздерге алғысым шексіз!» - деп атап өтті.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы басталады

Акция өткізу барысында республикалық телеарналарда әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері қызметкерлерінің, учаскелік полиция инспекторларының және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторларының тұрмыстағы, оның ішінде ауылдық жерлердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыстарын жария ете отырып, тұрақты сөз сөйлеуі қамтамысыз етіледі.

Кәсіпорындар және ұйымдарда отбасылық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және жолын кесу жөніндегі қоғамдық іс-шаралар (брифингтер, семинарлар, тернингтер, дөңгелек үстелдер және т.б.) өткізіледі.

Азаматтарды жаппай жиналатын орындарда көрсетілген тақырыптарда билболдтар мен плакаттар орналастырылсын, жадынамалар мен буклеттер тарату ұйымдастырылады.

Акцияның негізгі мақсаты: көпшілікті әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге зорлық-зомблық жасауға бейім адамдармен жеке алдын алу жұмысын жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру. Акция барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңның негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстарын, әйелдерге әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсету мақсатында учаскелік полиция пунктерінің жанында мүдделік мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен «Қоғамдық қабылдау» ұйымдастырылады.

Акция өткізу барысында ақпараттық қағаздар мен буклеттер таратылу, дәрістер мен сұқбаттар жүргізетін жылжымалы топтар жасақталады.

Іс-шара өткізу кезінде мемлекеттік және мемлекетік емес ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар, білім, денсаулық сақтау, және т.б. органдар өкілдерінің міндетті турде қатысуы көзделген.

Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, не болмаса туысыңыздың, құрбыңыздың, көршіңіздің отбасындағы зорлық-зомбылыққа ұшырағанына куә болсаңыз, жағдайды өзгерту үшін мына телефондарға қоңырау шалуға болады:

Мақтаарал АПБ ЖПҚ әйелдерді

зорлық-зомбылықтан қорғау тобының

инспекторы, полиция Тузелов Құрмангазы

+77716697767;

Облыстық полицейлер спорттық марафонға қатысты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің маңызды бөлігі ретінде қарастырылатын жастар мәселелеріне ерекше назар аударатыны белгілі. Жалпы жас ұрпақты есірткіні қолданудан қорғау және оларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру-біздің міндетіміз. 

     Бүгінгі таңда осы мақсатта Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері түрлі жедел-профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде "Есірткісіз болашақ" бір айға жоспарланған акциясын өткізуде. Мәселен Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары арасында Түркістан облысының құрылуының 4 жылдығына, 23 маусым - мемлекеттік қызметшілер күніне және 26 маусым - Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне арналған марафон өткізді.

 Облыс орталығы - Түркістан қаласында өткен марафонға Түркістан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Мәди Қожамұратов және 200-ге жуық мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарының қызметкерлері қатысты.

 Спорттық іс-шараның қорытындысы бойынша Түркістан облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды. Нақтырақ айтсақ полиция капитаны Орынғай Нұрболат І-орынды қанжығасына байлады. Ал Қанатбек Сұлтанов пен Ғабит Елеусізұлы ІІ-орынды жеңіп алды. Іс-шара соңында барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ марафонды ұйымдастырушылар мен қатысушылар естелік суретке түсті.

          Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Мәди Қожамұратов атап өткендей, мұндай маңызы зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Сондай-ақ тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіге қарсы күреске өз үлесін қосуға шақырды.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Төлебилік ауыл тұрғынының үйінен есірткі заты тәркіленді

Төлеби аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғындарының бірінен хабарлама келіп түскен.  Әйел адам онда өз танысының есірткіге ұқсас өсімдік өсіретіндігі туралы айтқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері  ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеуге алды.

Осы жайтқа байланысты аудандық полиция қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды. Олар күдікке ілінген азаматтың жеке басын анықтап, тұрғылықты мекенжайына шықты. Полицейлер оның үйін тінту кезінде ауласында өсіп тұрған есірткіге ұқсас өсімдікті тапты. Полицейлер оны айғақты зат ретінде тәркілеп, сараптамаға жолдады. Сараптама қорытындысына сәйкес аталған өсімдіктер  «сора» есірткі заты деп анықталды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.  Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға заңсыз есірткі затын өсіру, баптау, тасымалмен айналысу қатаң жазаға тартылатындығын ескертеді. Бұндай өсімдіктер адам денсаулығына аса зиян келтіретіндігін еске салады.

 

 

                                                                                                                                                                   «AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Шардаралық азамат ауласында есірткі өсірген екен

Шардара аудандық полиция бөліміне тұрғындардың бірінен хабарлама келіп түскен. Онда ер адам Шардара қаласының тұрғыны үйінің ауласында есірткі затына ұқсас өсімдік өсіп тұрғанын айтқан. Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті тұрғынның ауласынан 6 түп есірткіге ұқсас өсімдіктің  өсіп тұрғаны анықталды. Полицейлер алынған есірткіге сот-сараптама тағайындап, «қарасора» болып шықты.  Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеуге алды. Анықталғандай ер адам есірткі өсімдігіне ұқсас затты өзі тұтыну үшін өсіріп баптаған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.   Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі затын заңсыз егіп-өсіру заң алдында жауап беретіндігін ескертеді. Денсаулығымызды сақтап қалу үшін, зиянды әдеттерден аулақ болып, есірткінің еліткеніне ермей адамдық қалпымыздан айнымайық. Зиянды заттардың өз өмірімізге, отбасымызға, бүкіл қоғамға зиянын тигізетінін саналы түрде сезінейік.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Түркістан: Жүргізуші куәлігін әперемін деп алдапты

Түркістан қалалық полиция басқармасына жас жігіт арызданды. Оның айтуынша «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы белгісіз біреу «жүргізуші куәлігін жасап беремін» - деп, сеніміне кіріп, ақшасын банк шотына аудартып алған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 60 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Полиция қызметкерлері қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар банк шоттарын тексеріп,  жан-жақты жұмыстар атқарды. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты.  Анықталғандай, жәбірленуші әлеуметтік желі арқылы жарнаманы көріп қалған. Содан оның жекесіне жазып, екеуі байланыс орнатқан. Алайда, күдікті өзінің арам ойын жүзеге асырып, күдіктіден ақша алған соң, байланысты үзген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.  Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері белгісіз адамдарға сенім артпауға кеңес береді. Таныс емес, бөтен адамға ақша аударып, өзіңізге тиесілі құжаттардың нөмірін бермеуді ескертеді. Егер де, сіз, осындай жайтқа тап болсаңыз немесе куәсі болсаңыз, полицияға хабарласыңыз.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат