Түркістан: Түлкібас ауданында үш мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Түркістан облысы Түлкібас ауданында сәуір айының соңында үш бірдей білім ұясында күрделі жөндеу жұмыстары басталмақ. Атап айтсақ, А.Байтұрсынов, М.Ломоносов, Г.Титов атындағы білім ошақтарына «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен тиісті қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемелер анықталып қойған.
