ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ

Кеше Шымкент қаласындағы №2 Қалалық перинаталдық орталығында ерекше қуаныш пен жылулыққа толы бір сәт болды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шара барысында қалалық ҚХА мүшелері жаңа туған сәбилерді перзентханадан салтанатты түрде шығарып, жас аналарға естелік сыйлықтарын табыстады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ОЛЖАС БЕКТЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Президентке экономиканы әртараптандыру мен нақты сектордағы ауқымды бағдарламаларды қолдау арқылы ынталандыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды.

ТҮРКІСТАН: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлының төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Ордабасы ауданы: Бадам ауыл округінде ағаш егу жұмыстары жүргізілді

Елімізде басталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Ордабасы ауданы бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық науқанына жұмыла кірісті. Аудан әкімі Азат Оралбаевтың аймақ тұрғындарын бастамаға белсене қатысуға шақырған үндеуі жарияланған болатын.

Сауран ауданында қытайлық ірі компания филиал ашуға ниет білдірді

Сауран ауданының әкімі мен Қытайдың «Xinjiang Shihezi Tianshan Machinery Manufacturing Co., Ltd.» компаниясы өкілдерінің арасында маңызды кездесу өтті. Кездесуде ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін компания ауданда өз филиалын ашуға мүдделі екенін жеткізді.

«Сауран таланттары – 2025» өнер байқауы өтті

Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы»  КММ-нің ұйымдастыруымен «Сауран таланттары – 2025» өнер байқауы өтті. Бұл шара — аудан жастарының шығармашылығын қолдау, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыру және сахна мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

ТҮРКІСТАНДА «WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN» IT УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында биыл Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалының ашылуы жоспарланып отыр. Осыған орай, «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Қазақ-Корей халықаралық білім ордасының таныстырылымы өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, «Woosong» университетінің өкілдері, ұстаздар, ата-аналар мен болашақ түлектер қатысты.

Шымкент жолдары: инфрақұрылымдық серпін және заманауи көлік жүйесі

Шымкент қаласы қарқынды дамып, инфрақұрылымды жаңарту мен көлік қатынасын оңтайландыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Қаладағы автокөлік санының жыл сайын артуына байланысты жол құрылысы, жөндеу және көлік жүйесін жаңғырту басты назарда.