Шымкенттегі Ұлттық Ұлан офицері күштік сайыста ел рекордын орнатты
Қарағандыда «Алтын Батыр» күштік спорт түрлері бойынша ашық әлем кубогы өтті. Шымкенттегі Ұлттық Ұлан офицері күштік сайыста ел рекордын орнатты.
Қарағандыда «Алтын Батыр» күштік спорт түрлері бойынша ашық әлем кубогы өтті. Шымкенттегі Ұлттық Ұлан офицері күштік сайыста ел рекордын орнатты.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қытайлық «Shaanxi Construction Engineering» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде шетелдік инвесторлар Шымкент қаласында электр энергиясын өндіруге арналған ірі қоқыс өңдеу кешенін салу жобасын жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.
Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман инспекциялық сапарлар барысында Шымкент қаласында 2024 жылғы 6 қазанға белгіленген республикалық референдумға дайындық мәселелері бойынша жиын өткізді.
Әне-міне дегенше, бүкіл түркі әлемін аузына қаратқанV Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары да өз мәресіне жетті.Қазақстанның ұлттық құрамасы 44 алтын, 33 күміс, 37 қола жүлде алып, командалық есепте бірінші орынға ие болды. Этникалық спорт түрлері бойынша ең ірі халықаралық жарысқа 10 спорт түрінен 18 шымкенттік атлет қатысты. Ерекше атап өтерлігі шымкенттік балуандардың өнері. Жарысқа Шымкентен 4 балуан қатысып, барлығы жүлдемен оралды.
Шымкент қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасын табуда. Бүгін Абай ауданына қарасты Ынтымақ шағын ауданында, әуежай аумағында тазалық іс-шарасы ұйымдастырылып, оған «Жасыл ел» еңбек жасақтары, ерікті жастар мен тұрғындар, аудан әкімдігінің және әуежай қызметкерлері белсенді түрде атсалысты. Іс-шараға қатысушылар әуежай аумағын ретке келтіріп, қоқыс жәшіктерін сырлау, ағаштарды әктеу, шөп ору жұмыстарын жүргізді.
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігіне қарасты «Нұрсәт» шағын ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді. «Таза Қазақстан» акциясына бұл жолы тек тұрғындар ғана қатысқан. Олар 110-118 көп қабатты үйлердің маңын тазалап, балалар ойын алаңшаларындағы кемшіліктерді ретке келтірді.
Шымкент қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы кезекті ел чемпионаты басталды. Бұл турнирде 17 аймақ және 3 қаладан 410 спортшы бақ сынайтын болады.
7 алтын, 5 күміс, 4 қола. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шымкенттік спортшылар жалпы 16 жүлдеге ие болды. Басқармадағылардың берген мәліметіне сүйенсек, Шымкент қаласынан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 10 спорт түрінен 18 атлет бақ сынады.
С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп лицейі Отбасы күніне орай «Отбасы -тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында 6-шы сынып оқушылар арасында челленджі ұйымдастырды.
Түркістан қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің 2024-2025 оқу жылындағы жылдық жоспарына сәйкес бөлімге қарасты білім мекемелерінің мұғалімдері және оқушылары арасында «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай «Тілім менің - тірлігімнің айғағы» тақырыбында онкүндік өтілуде. Онкүндіктің ашылу салтанаты С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінде ұйымдастырылып, өтілетін шаралардың жоспары таныстырылды.