Парламент Мәжілісінің депутаттары Кентау қаласында сайлаушыларымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттары, фракция мүшелері жазғы демалыста сайлаушыларымен кездесу мақсатында, Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Абасов Қайнар Бегалыұлы және Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ертаев Сырым Махамбетұлы қалаға арнайы ат басын бұрып, "Nur Otan" партияcы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізіп, қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бірқатарын өз бақылауларына алатынын жеткізді.

Түлкібастық шаруа қарбыздың жапондық “Дэнсукэ” сұртын егіп, мол өнімге қол жеткізгелі отыр

Қауын-қарбыз секілді жылыны сүйгіш бақша өнімдеріне Түлкібас ауданы қолайсыз аймақ. Таулы аймақ болғандықтан көктемнің кеш шығуы және ауа-райының өңіріміздің басқа аудандарынан қарағанда салқын болуы бақша дақылдарының бұл түрлерінің өсіп-өнуіне кері әсерін тигізеді.

Шардара: Халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті

Аудан әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті. Мәжіліс кеңес төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев төрағалығымен өтті.