Түркістан облысы: Мақтаарал ауданының орталығы ажарлана түспек

Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінің орталық алаңын заман талабына сай көрікті етіп жасау үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өтетін алаң алдағы уақытта аудан тұрғындарының ең сүйікті демалыс орнындарының біріне айналмақ.

Түркістан облысы: Арыс шаһарындағы жылу, электр, су және кәріз жүйесі жаңғыртылып жатыр

Бір айдан бері Арыс қаласын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар атқарылу үстінде. Құрылыспен және тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсетумен бірге қаланың жылу, су, электр сынды маңызды мәселелері бойынша да бірқатар істер қолға алынған. Төтенше жағдайдан кейін ең алдымен әкімдік тарапынан су және электр жүйелерін қалыпты жұмыс режиміне көшірілді.

Жарылыс кезінде магистралды су құбырларында 4 авариялық жағдай туындап, ол қалпына келтірілді. Жалпы 30 шақырымды құрайтын магистралды су құбырының зақымдалған 7 шақырымын жөндеу мақсатында жобалық-сметалық құжатқа қаржы қарастырылып, жұмыстар басталды.

Қаладағы кәріз жүйесі де реттеліп, ақаулардың 80 пайызы қалпына келді. Бір сусорғы қондырғысы ауыстырылды. Төтенше жағдай болған күннен бастап зақым келген 10 электр желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен қалпына келтірілген.

Арыста 4 жылу қазандығы бар. 30 көпқабатты тұрғын үй мен 11 әлеуметтік нысанды жылытатын жылу жүйелерінің ұзындығы – 13 шақырым. Төтенше жағдай кезінде 2 снаряд жарылып, жылу қазандығы ғимараты зақымдалған. Ақау актісі мен жобалық сметасы дайындалып, жөндеу жұмыстары басталып кетті. Ғимараттың есік-терезелері ауыстырылып, қабырғалары жөнделді.

Жалпы Арыстағы инфрақұрылым да толық зерттеліп, жөндеу және жаңарту жұмыстары жалғасады деген жоспар бар.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Түркістан облысы: Арыста 1047 үй толық қалпына келтірілген

«Біз әрбір тұрғын үйді тұрақты бақылауға алдық. Тіпті терезенің әйнегі сынған болса да, жөндеуге мұқтаж тұрғын үй нысаны ретінде тіркеуге алдық». Осылай деген ҚР-ның индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев бүгін Арыс қаласындағы әрбір сектор жұмысын журналистер қауымына таныстырды. Атқарылып жатқан шаруалармен бөлісті.

Арыстық балалар Семейде демалуда

Арыстық жасөспірімдер Шырайлы Шығысқа демалуға аттанған болатын. Семейліктер балаларды зор қошеметпен қарсы алды. Кішкентай бүлдіршіндер сауықтыру лагерлеріне жол тартты.

Түркістан облысы: Сарыағаш кәріз жүйесіне қосылады

Түркістан облысына қарасты 50 мыңға тарта тұрғыны бар Сарыағаш қаласына кәріз жүйесін жүргізу ісі басталды. Осыдан жарты ғасыр бұрын шаһар мәртебесін иемденгенімен аудан орталығындағы ахуал экологиялық талаптарға мүлдем сай келмейтін. Ауқымды құрылыс үш жылға жоспарланып отыр екен.

Арыс: 100 мың теңге қай елдімекендердің тұрғындарына берілетіні белгілі болды

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Арыс қаласының әрбір тұрғынына яғни 44 781 мың адамға 100 мың теңге көлемінде өтемақы төлеу жоспарланып отырғандығын айтқан болатын. Төтенше жағдайдан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге бағытталған қаржыға байланысты, қазір түрлі сауалдар туындауда. Сонымен бірреттік өтемақыға қабылданатын құжаттар қандай, кімдерге беріледі деген сауалдарға жауап іздеп көрсек.