Арыс қаласындағы қаупсіздік және дабыл жүйесі жаңартылатын болды
Арыс қаласындағы қаупсіздік және дабыл жүйесі толығымен жаңартылып, ауыстырылады. Сонымен бірге Түркістан облысының даму бағдарламасы бойынша өңірдегі барлық аудан, қалаларда да осы бағытта жұмыс күшейтіледі. Бұл туралы бүгін Арыс қаласындағы брифингте Түркістан облыстық төтенше жағдай департаментінің басқарма басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Бақытжан Запаров мәлімдеді.