Түркістан облысы: «Нұр Отан» партиясының Төлеби аудандық филиалында Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы жеке қабылдау өткізді
«Нұр Отан» партиясының Төлеби аудандық филиалында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тұрсынбаев Ғалым Сұлтанұлы мемлекеттік қызметкерлер мен жергілікті тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды.