Түркістан қауіпсіз қалаға айналады
Бүгінде Түркістанда қауіпсіздік бағытында ауқымды жобалар қолға алынды. Түркістан қаласы облыс орталығы болғандықтан, қазір мұнда қауіпсіздік шарасы – басты назарда. Шаһардағы қоғамдық тәртіпті жол-патрульдік полициясы мен учаскелік полиция инспекторлары және басқа да күштік құрылымдар қадағалайды. Сондай-ақ қазіргі таңда 4 авто-эвакуатор белгіленбеген орынға қойылған көліктерді айыптұрақтарына жеткізуде. Бұдан басқа адам көп жүретін орындарда 2 стационарлық полиция бекеті орналасқан. Онда 18 бейнебақылау камералары жұмыс істейді. Тәртіп сақшылары осы камералардың көмегімен құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда, оларға тосқауыл қойып, шара қолданады.Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «24.kz-ке» сілтеме жасап.