Super User

Super User

ТӨЛЕБИ: "СІЗДІҢ ЖОЛАУШЫҢЫЗ-БАЛА" АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

ҚРІшкіістерминистрлігіжәнеТүркістаноблысыПолициядепартаментініңнұсқауларынасәйкес, кәмелеткетолмағандардыңкінәсіненжәнеқатысуыменболатынжол-көлікоқиғаларыныңалдыналумақсатындаТөлебиауданыаумағында "СІЗДІҢЖОЛАУШЫҢЫЗ-БАЛА" акциясыұйымдастырылды. Акцияаясындаауданымыздыңкөлікжүргізушілеріментүсіндірмежұмыстарыжүргізілді.

Құрметтітұрғындар, жаңаоқужылықарсаңында, көшелерменжолдардақауіпсізжүріс-тұрысдағдыларынбекітуге, барлығымызбірігежұдырықтайжұмылумаңызды!

Сайрам: «Абайлаңыз, балалар!» шарасы өтуде

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 22 тамызы мен 12 қыркүйегі аралығында Сайрам ауданы аумағында «Абайлаңыз балалар» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат – оқушыларға жол ережесін үйрету арқылы жол-көлік оқиғасының алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сайрам АПБ басшылығы мен ЖПҚБ ювеналды полиция тобының қызметкерлері «1 қыркүйек – Білім күніне» арналған салтанатты жиындарға қатысып, аймақтағы білім беру мекемелерінде кезекшілік ұйымдастырып, балалармен болатын жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жаяу жүргіншілер өтпелерінде мектеп оқушыларының қауіпсіздік ережелерін сақтауын тәжірибе жүзінде көрсетіп, әсіресе бастауыш сынып оқушыларына баса мән беріліп, олардың сақтық шараларын білуі үшін полицейлер барынша ықпал жасады.

ТО ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің тапсырмасына сәйкес, аудандық полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрамы таңертеңнен аудандағы мектептерге барып, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік бойынша сабақ өтіп, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ТО ПД Жергілікті полиция қызметі басмармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Н.Тумабаев "Білім күнінде" аудан орталығындағы №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларына дәріс оқыды.

Қазіргі таңда Сайрам ауданында 78 жалпы орта мектеп бар және әр мектепке ЮПТ-ның инспекторы бекітілген.

Балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз ету — маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау, олардың жолда жүру ережелерін үнемі сақтауға дағдыландыру полиция қызметкерлерінің басты назарында.

Сайрам: Профилактикалық іс-шаралар жүргізілді

Сайрам ауданы полиция басқармасы басшысының орынбасары Б.Есенов Сайрам аудандық әдами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы К.Арап Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Реметов Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі К.Абдилахатов және Қарабұлақ ауылдық округінің аумағында орналасқан мектеп директорлары бірлесе отырып, Қарабұлақ ауылдық округі аумағында орналасқан бір қатар қоғамдық тамақтану орындарына құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша аралау жұмыстары жүргізілді.

Рейтдік іс-шараның басты мақсаты мектеп жастағы жасөспірім балдардың еңбегін заңсыз пайдалану және жасөспірімдер арасында қуқық бұзушылықтың алдын ала және болдырмау мақсатында мемлекеттік органдар тарапынан қоғамдық тамақтану орындарының басшыларына түсіндіру насихаттау профилактикалық іс-шаралары жүргізілді.

Алдағы уақытта аталған іс-шара тұрақты түрде жалғасын табады.

 

 

ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН ПОЛИЦИЯ ДЕГЕН ОСЫ ШЫҒАР!!!

Бүгін Түлкібас ауданы Сот Медициналық Сараптамасы қызметкерінің кісі өліміне қатысты жалған Тұжырым бергендігі жөнінде менен көмек сұрап келген азаматтың арызы, Түркістан Облысы Полиция Департаментінде қаралып, қандай шешім қабылданғандығын тез арада білу мақсатында Генерал Мұрат Қабденов мырзаға Фейсбук әлеуметтік желісі арқылы қоңырау шалдым.

Менің шалған қоңырауыма жиналыста болғандықтан па жауап бере алмады. Алайда арада 10 минут уақыт өткеннен кейін Мұрат Қабденов мырзаның маған қоңырау шалғанын көрдім. Қайта өзіне қоңырау шалған едім, тұтқаны Түркістан Облысы Полиция Департаментінің басшысы Мұрат Қабденов мырзаның өзі көтерді.

Жағдай сұрасып, өз мәселемді айтып жеткіздім. Менің мәселемді мұқият тыңдаған Департамент Басшысы, арыз бойынша кім айналысқанын, қандай шешім қабылданғанын жауапты қызметкерлерге тапсырма беріп толық анықтап, қосымша хабарлайтынын айтты.

Түркістан Облысының Полициясы Халыққа қажет кезде, Көмек қолын созуға әр қашан дайын екеніне кезекті рет көзіміз жетті.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тұжырымдамасы мен жолдауларын іске асыру мақсатында нәтижелі жұмыстар жасап, Облыс тұрғындары мен ашық байланыста болып, Халықтың Полицияға деген сенімін одан әрі арттыру мақсатында аянбай еңбектеніп жүрген Мұрат Қабденов мырзаға алғысымызды білдіреміз.

Осы RSS каналға жазылу