Түркістан облысында түлектер мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

Мектепті 20 жыл бұрын тәмамдаған түлектер қайырымды іс жасап, ауылдастарын қуантты. Түркістан облысы, Шардара ауданы Қызыл құм ауылдық округіндегі орта мектептің 2000 жылдық түлектері елдегі төтенше жағдайды ескеріп, мамыр айына жоспарлаған 20 жылдық кештен бас тартуды жөн санады.

Түркістан: Түлкібас ауданында үш мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Түркістан облысы Түлкібас ауданында сәуір айының соңында үш бірдей білім ұясында күрделі жөндеу жұмыстары басталмақ. Атап айтсақ, А.Байтұрсынов, М.Ломоносов, Г.Титов атындағы білім ошақтарына «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен тиісті қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемелер анықталып қойған.

Шымкент: қала әкімі жол құрылысы жұмыстарымен танысып қайтты

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы жол құрылысы жұмыстарымен танысты. - Қала аумағындағы жол мәселесі алдағы бірнеше жылда кезең-кезеңімен шешімін табады. Шымкенттің құрамына енген 41 елдімекеннің де инфрақұрылымы қайта қаралады. Миллионды қаладағы жол жөндеу жұмыстарына биыл қазынадан 25 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл - қомақты қаражат. Оны уақытында әрі мақсатты игеруіміз қажет, - деді қала әкімі. 

Шымкент қаласының әкімі мемлекет басшысына коронавируспен күрес жұмыстары жайлы баяндады

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімімен телефон арқылы сөйлесті. Талқылауда коронавируспен күрес, қазіргі санитарлық-эпидемиологялық жағдай және аймақтардағы карантин шараларының орындалуы жайы айтылды. Мемлекет басшысының азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, шағын және орта бизнестің кезең-кезеңмен іске қосу, көктемгі дала жұмыстары мен жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру туралы тапсырмаларының орындалуы сөз болды.

Шымкенттіктерге 6 мың бетперде тегін үлестірілді

Төтенше жағдайға байланысты Қаратау ауданында әскери мамандардың көмегімен халық көп шоғырланатын аумақтарға тұрақты түрде дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, әр төрт күнде бір рет барлық шағынаудандар мен тұрғын алаптарда залалсыздандыру жұмыстары жүруде.

Шымкент: банк қызметін үйде отырып пайдаланасыз

Шымкентте індетпен күрес бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда Сәуірдің басында мемлекет табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге жәрдемақы төлейтіні жөнінде хабар таралды. Осы қаржыдан үмітті қалың көпшілік есепшот нөмірін алу үшін банкке қарай ағылып, бөлімшелер мен банкоматтардың алдында ұзын сонар кезектер пайда бола бастады. Эпидемиялық жағдайға орай қабылданған карантиндік шара кезінде халықтың бір жерге бұлайша көп шоғырланбауы өте маңызды.

Шымкентте кәсіпкерлер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады

Шымкент қаласының кәсіпкерлері өздері қиын жағдайға тап болғанына қарамастан, қайырымдылық жасауда. Жомарт азаматтар 12 балалы отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл отбасы осыған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген еді.

Шымкентте азық-түлік бағасы қатаң бақылауда

Елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен бірінші кезекте азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі жіті бақылауға алынды. Бұл мақсатқа қажетті қаржы бөлінді.Мемлекет бекітіп берген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстап тұру үшін әкімдік пен «Gramad Retail» ЖШС мен келісім түзілді. Қазіргі таңда аталмыш серіктестік өзінің 2 супермаркетінде азық-түлікті белгіленген бағада сатуда деп хабарлайды Шымкент келбеті газеті.