Түркістандық кәсіпкер қауіпті індетпен күреске 5 млн теңге аударды

Түркістан облысында «Біз біргеміз!» акциясы жалғасын табуда. Коронавирусқа қарсы күресті күшейту мен көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты, «Бөрте милка» ЖШС директоры Нұралы Әбіш арнайы қорға 5 миллион теңге аударды.


