Түркістандық шаруа 3 рет өнім алу технологиясы арқылы 45 тонна өнім алмақ

«Нұрлы таң» ауылындағы «Азамат» шаруашылығында көкөністің түр-түрі өсірілуде. Аталмыш шаруашылықтың жетекшісі Нақыпбек Жұмақұлов былтыр 2 гектарға қызылша, 2 гектарға ерте пісетін қауын, 50 сотық жерге сарымсақ, 50 сотық жерге қырыққабат еккен болатын.








