Сейсенбі, 30 Сәуір 2024 14:09

Түркістан: Сайрам ауданында өсірілген банан мен өңделген жеміс өнімдеріне сұраныс артып келеді

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту жолға қойылған. Өз кәсібін ашамын деушілерге мемлекеттік қолдаулар көп. Ниет білдіргендерге түрлі бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие де қарастырылған. Бұл бағытта сайрамдықтар да өз ісін дөңгелетіп отыр.

Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Қайнарбұлақ ауыл округіндегі «GEN GROUP KAZAKSTAN» жылыжайына барды. Фермерлік жылыжай кешені 2023 жылдың маусым айында іске қосылған. 150 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Жобаның құны 1056 млн теңгені құрайды. Жылына 3000 тонна өнімді ішкі нарыққа өткізу көзделген. Жалпы 5,0 гектар алқапта банан өсіріледі. Мұндағы құрал-жабдықтар Түркия елінен алынған.

Былтыр 5,3 га аумаққа тәжірибе ретінде бананның «Анамуз» сортының 7400 көшеті отырғызылған болатын. Мамандардың сөзіне сүйенсек, банан бұтағы 10-15 жылға дейін өнім беруге қауқарлы. 1-2 айда өнім береді деп күтіліп отыр. Алдағы уақытта жылыжай кешенін шыны жабындысымен кеңейтіп, 3,7 га жерге құлпынай өсіру жоспарда бар.

Бүгінде Сайрам ауданында бананнан бөлек, лимон, құрма тәрізді тропикалық жемістер де жерсіндірілген. Атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан өңір басшысы осы бағыттағы жобаларды көбейтуді тапсырды.

Іссапар бұдан әрі Әйтеке би ауылында орналасқан «Dala fruit.kz» ЖШС-інде жалғасты. Облыс әкімі алма бауының жұмысымен танысып, өнім сапасына, экспорттық әлеуетін көтеруге баса назар аударуды тапсырды. Өткен жылы іске қосылған кәсіпорында 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жобаның құны – 2485 млн теңге. Жылына 7000 тонна өнім ішкі нарықтан бөлек, көршілес Ресей еліне өткізіледі. Жалпы жер көлемі – 100 га. Қазір қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрған өндіріс орнында алма және табиғи шырын өндіріледі. Құрал-жабдықтары Германия және Ресей Федерациясынан әкелінген.

Сайрам ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің 57%-ы мал шаруашылығында өндірілді. Сайрам ауданы еліміздегі ең ірі мал сою орындары бар өңір. Сондықтан мұнда бұл салаға байланысты біршама үлкен жобалар қолға алынуда. 2024-2025 жылдары мал қалдықтарын терең өңдейтін зауыттарды салу жоспарланып отыр екен.

Ауданның инфрақұрылым саласында да оң өзгерістер жетерлік. Өңірге қарасты 42 елді мекен толықтай электр жарығымен қамтамасыз етілген. Ал табиғи газбен қамтылу көрсеткіші бүгінгі таңда 88 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ, аудандағы жақсы және қанағаттанарлық деп танылған жолдардың үлесі алдыңғы жылы 62,4 пайызды құраса, былтыр бұл көрсеткіш 70 пайызға жеткен.

Сайрам ауданы – ауылшаруашылығы өркендеген іргелі аудандардың бірі. Аталған салада Сайрам ауданы облыста көш бастап тұр. Сонымен қатар, аудандағы жылыжай шаруашылығы да биылғы жылдың 9 айында жоспарды асыра орындап, нәтижесінде аймақтағы жылыжай көлемі 75,7 гектарға жеткен. Сондай-ақ, мал шаруашылығындағы оң нәтижелер бар.

Ауыл шаруашылығы өнімінің 57%-ы мал шаруашылығына тиесілі екен. Сайрам ауданы еліміздегі ең ірі мал сою орындары бар өңір. Сондықтан мұнда бұл салаға байланысты біршама үлкен жобалар қолға алынуда. 2024-2025 жылдары мал қалдықтарын терең өңдейтін зауыттарды салу жоспарланып отыр.

Ауданның инфрақұрылым саласында да оң өзгерістер жетерлік. Өңірге қарасты 42 елді мекен толықтай электр жарығымен қамтамасыз етілген. Ал табиғи газбен қамтылу көрсеткіші бүгінгі таңда 81 пайызды құраса, жыл соңына дейін 88%-ға жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ, аудандағы жақсы және қанағаттанарлық деп танылған жолдардың үлесі өткен жылы 62,4 пайызды құраса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 70 пайызға жеткен.

Түркістан облысы Сайрам ауданында 64 млрд. теңгеге 19 жобаны іске асырып, 614 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 12-сі өңдеу бағытындағы іске асатын жобалар. Биыл 6 айда 6,8 млрд. теңгеге 5 жоба іске қосылып, 155 жұмыс орны ашылды. Күнбағыс майын шығаратын цех, газоблок зауыты, алкогольсыз сусындар шығаратын зауыт, жылыжай құрылысы жүзеге асты.

Тағы, құны 4 млрд. теңгеге 9 жобаны іске қосу жоспарда, қалған 5 жобаны іске асыру 2024 жылға жоспарланған. Атап айтқанда, сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын ашып, 2 мың ірі қара малға арналған бордақылау алаңын салып жатыр. «Nurym Grоup» компаниясы құрама жем өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны 2,5 млрд. теңгені құрайды.

Сайрам ауданының шаруалары мал шаруашылығы өнімдерімен тек облысты емес, еліміздің басқа өңірлерін, шекаралас мемлекеттерді қамтып отыр. Ауыл шаруашылығында жыл басынан 41,5 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Өнім көлемі былтыр 124 млрд. теңгеге жетті. Бұл облыстағы аудандардың арасында ең үлкен көрсеткіш. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға инвестиция тартып, 2025 жылға дейін өнім көлемін 1,5 есеге арттыру жоспарлануда. Былтыр 53 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ауданда 69 гектарда жылыжайлар орналасқан, 625 гектарға тамшылатып суғару жүйесі ендірілген, 529 гектарға қарқынды бау егілген.

Ауданда 1 мыңнан астам мал бордақылау орындарында бір мезгілде 42 мың бас мал бордақылануда.Тәулігіне 3 мыңға жуық мал сойылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей тапсырмасымен Қарабұлақ ауылында орналасқан мал бордақылау алаңдары мен мал сою бекеттерінің жұмыстары тексерілді. Құрылған жұмысшы топ малдың қаны мен сүйегін ретсіз тастаудың жолын кесті. Нәтижесінде 11 мал сою орнының санитарлық талаптарды сақтамаған 3-уі жабылды, қалған 8 бекеттің басшыларына мал сою алаңдарын ретке келтіруге 1 ай уақыт берілді.

Сайрам ауданында жайылымдарды қайтару жұмыстары қарқынды жүруде. Елді мекендердегі жергілікті халықтың шаруашылығындағы мал басына қажетті ортақ жайылымның тапшылығын жою – басты назарда. Ауданда ағымдағы жылға 5,0 мың гектар жайылымдық жерді мемлекетке қайтару міндеті қойылған. Аудандық жер қатынастары бөлімінің мәліметіне сәйкес, ортақ жайылым жыл басынан бері 1925,9 гектар жайылымдық жермен толықты.

Мемлекет басшысы тарапынан берілген тапсырманы орындау мақсатында пайдаланылмай жатқан және жеке меншікке заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, шалғайдағы маусымдық жайылымдарды ұйымдастыру мақсатында босалқы жердегі жайылымдарды шалғайдағы жайылымға бекіту бойынша тиісті іс-шаралар атқарылуда. Қайтарылған 1925,9 гектар жайылымдық алқаптардың ішінде 718,8 гектар сот тәртібімен, 1207,1 гектар өз еркімен қайтару арқылы болса, оның ішінде, Сайрам ауданына қарасты Қайыршақты алабаралық учаскесі бойынша қайтарылған жайылымдық жер учаскесі 1501,6 гектарды құрайды.

Қазіргі таңда қайтаруға жоспарланған 3227,3 гектар жайылымдық жердің 640,3-ін (12 жайылым жер учаскесі) мәжбүрлеп иеліктен шығару және қайтару мәселесі бойынша тиісті сот орындарында қаралуда. Ал, 1200 гектар жерге қатысты сотқа талап арыз жолданылмақ. Жыл қорытындысымен жалпы міндеттелген жер учаскелері ортақ жайылымға қайтарылып, елді мекендерде жайылым жер тапшылығы шешімін табатын болады. Айта кетелік, өткен жылы ауданда 4285,8 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, меморандум арқылы 6167,7 гектар жер елге ортақ пайдалануға берілген.

Жалпы, Сайрам ауданының барлық жер көлемі 114761 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы — 76820 гектар, оның ішінде егістік жерлер — 51862 гектар, оның ішінде суармалы егістік — 15466 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер — 2110 гектар, аудан аумағындағы жайылымдар — 22090 гектар, шалғайдағы (аудан аумағынан тыс жерлерде пайдаланылатын жайылымдық) жерлер — 8234 гектар.

Жер санаттары бойынша тоқталсақ, ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы — 76820 гектар, ал елді мекендердің жерлері — 22342 гектар. Өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы емес, басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер — 1940 гектар. Орман қорының жерлері — 243 гектар. Су қорының жерлері — 1028 гектар. Арнаулы жер қорының жерлері — 12388 гектар.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 161 рет