Түркістан облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Конституция күні және жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан облысында тағы бір жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оқу жылына орай өңірде 4 жаңа білім ұясы ашылады. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы Көкібел елді мекенінде бүгін Сабыр Рақымов атындағы 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. Тұрғындарды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтауға арнайы келген облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауыл тұрғындарымен кездесті.

Түркістанда ашық аспан астындағы амфитеатр ашылды

Конституция күні қарсаңында заманауи үлгідегі көпфункционалды ашық аспан астындағы амфитеатр ашылды. Ашылу салтанатында қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары шаһардағы белсенді жастармен кездесті.

Жиында сөз алған қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жастардың үлкен күш екенін атап өтті. Дегенмен соңғы уақытта жастар арасында алаяқтық пен құқықбұзушылық көрсеткіштерінің әлі де көңіл көншітпейтінін, ал шындығында жастарды шыңдайтын тәрбиенің төресі еңбек екенін айтып, тау қопарып, тас жаратын қайратты жастар мемлекеттің келешегі екенін жеткізді. Шарада облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов пен мәдениет саласының ардагері Ұлжалғас Мұстафаева сөз сөйлеп, бүгіннің заманның басты талабы білім екенін атап өтіп, дарынды жастарды қолдауды арттыру қажеттігін, ал жастарда сол қолдауға лайықты талпыныс болу керектігін жеткізді.

Алқалы жиында Түркістандағы «Меймандостық және туризм университетінің» алғашқы түлектерінің бірі Гүлім Қалдаяқ туризм саласындағы жастардың рөлі туралы ойын айтса, белсенді мобилограф Бақжан Мырзақұл жастар орталығында замандастарына мобилография шеберлігін үйретуге ниетті екенін жеткізді. «Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің» мұғалімі Бақытжан Дүкенбай қала жастары атынан алғысын айтып, жастар орталығы жас буынды шыңдайтын қара шаңыраққа айнала берсін деген жылы лебізін білдірді. Жиын соңында әкім жастармен естелік суретке түсті. Жалпы Түркістан қаласында 71486 жас бар. Оның 10574-і жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттер үлесінде. Орта арнаулы оқу орындарында 6743 студент білім алады.

 «WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

 

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды даму үстінде

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы республикада көш бастады. Салаға инвестиция тартылып, 1,5 есеге өсті. Ал 2024 жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы саласының көлемі 308,3 млрд. теңгені құрап, 106,2% деңгейінде қалыптасты.

Түркістан облысы: екі жылда 144 мың халық тұратын 54 елді мекен газбен қамтылды

Түркістан облысында соңғы 10 жыл аралығында құрылысы жүргізіліп, іске қосылмаған 46 табиғи газ нысаны бар болатын. Оның ішінде 40 елді мекен, 2 көше, 2 автоматты газ тарату станциясы бар. Өткен жылдың қорытындысымен оның 44-і іске қосылды.

Түркістаннан «Бірлік керуені» Астанаға аттанды

Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осыған байланысты Түркістан облысынан «Бірлік керуені» жобасы ұйымдастырылып, түркістандық керуен елордаға жолға шықты.

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүруде

Алты жыл бұрын жаңа Түркістан облысы құрылды. Бүгінде Түркістан тек облыс орталығы ретінде ғана емес, түркі әлемінің рухани мәдени орталығы болып қалыптасты. Бүгін өңір басшысы Дархан Сатыбалды 30 тамыз – Конституция күніне арналған салтанатты шарада өңірдің бірқатар жетістіктеріне тоқталды.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Түркістан тұрғындарымен кездесті

Түркістанға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әлиқұлов жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында өңір тұрғындарымен кездесті. Келелі жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жүргізіп, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.

Түркістан облысы: Жетісайда Конституция күніне орай 90 отбасы бапаналы болды

Жетісай ауданында Конституция күні мерекесі қарсаңында тағы 90 отбасы баспаналы болып, үздік қызметкерлер марапатталды. Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басып, қарқынды дамып келеді. Ата Заң – тұтас халқымыздың жарқын істерінің қайнар бастауына айналды.