Сауран ауданы: БАҚ өкілдеріне ауданның инвестициялық әлеуеті таныстырылды
25 маусым күні Сауран ауданы, Шаға өндіріс алаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған пресс-тур ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ауданда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың жұмысымен таныстыру, өндірістік әлеуетті көрсету және өңірдің индустриялық даму бағыттары туралы кеңінен ақпарат беру.