Түркістанда толық циклді мақта-тоқыма кластері даму үстінде
Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жүйелі түрде жалғасып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров таяуда «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жобасын іске асырып жатқан инвесторлармен кездесіп, жобалардың орындалу барысын және алдағы жоспарларды талқылады.