Түркістан облысы бойынша емханаға тіркеу науқаны қарқынды жүзеге асады
Кеше Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасында емханаға тіркеу науқанына қатысты жиын өтті. Онда жаңа науқанның ерекшелігі мен өзгерістері түсіндірілді.
Кеше Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасында емханаға тіркеу науқанына қатысты жиын өтті. Онда жаңа науқанның ерекшелігі мен өзгерістері түсіндірілді.
Жуырда Анкарада өткен бизнес форумда Түркияның компаниялары мен Түркістан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалған болатын. Осы келісімге сәйкес, Түркістан қаласына Түркияның атақты «Dal Holding Investment CO» компаниясының Қазақстан Республикасы бойынша бірінші басшысы Демирджан Кусе бастаған өкілдері келді. Инвесторларды қабылдаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев компания басшыларының Түркістанды дамыту бағытындағы ұсыныстарына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.
Түркістан облысы мен Индонезия мемлекеті туризм және сауда-саттық салалары бойынша тығыз байланыс орнатады. Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рахмат Промономен жүздескен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев осындай уағдаластыққа қол жеткізді. Түркістан қаласына арнайы келген елшіні қабылдаған өңір басшысы Индонезияның әлеуеті жоғары мемлекет екеніне тоқталды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.
Түркістан облысы Жетісай ауданында қауын, қарбыз жинау науқаны аяқталуға жақын. Өңір диқандары жүзім теру жұмыстарына кірісіп кетті. Бүгінде Жетісай ауданында жалпы 650 гектар жүзімдік алқабы бар болса, оның 82,5 гектары ағымдағы жылы отырғызылған. Қазіргі таңда жетісайлық диқандар жүзім алқаптарынан 2832 тонна өнім жинап үлгерді.
Түркістан қаласында облыс әкімі Ж.Түймебаевтың ауқымды салаларды дамыту жөнінде берілген маңызды тапсырмасына сәйкес, жастар саясаты, дін істері, білім, ішкі саясат және идеология салаларындағы өзекті мәселелер талқыланған жиын өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жүргізіп отырды. Келелі кездесуде 4 басқарманың басшысы атқарылған жұмыстармен қатар қордаланған түйткілдер жөнінде баяндама жасап, оларды шешу жолдары мен ұсыныстарын айтты. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетіне айналады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» деген болатын. Осы орайда Түркістан облысы Арыс қалалық «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мекемесі жанынан қала тұрғындары мен жастарға арналып «Сoworking» заманауи білім орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Мәдениет орталығында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері мен мәдениеті және салт-дәстүрі күні мерекесіне арналған «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты мерекелік шарасы өтті. Мақсаты – Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық біргейлікті сақтау, ұлттық қод сынды бастамаларға қолдау көрсету. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.
Ордабасы ауданының Төрткүл ауылдық округінде тағы бір ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. «Заңғар Агро» кооперативінің төрағасы Жұмабай Қасеннің мәлімдеуінше, оның 70 мүшесі бар. Иелігіндегі 707 гектар жерге болашақта мақта, көкөніс, жүгері мен жоңышқа егіп, пайдаға кенелмек.
Кешегі жұмада Түркістан қаласында «QAZAQSTAN» республикалық телерадиокорпорациясының облыстық филиалы — «Ońtústik» телеарнасының жаңа маусымдағы бағдарламаларының таныстырылымы өтті. Салтанатты шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, ардагер журналист Байдулла Қонысбек, танымал жазушы Мархабат Байғұт және «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары C.Егізбаев құтықтау сөз сөйледі. «Ońtústik» телеарнасының директоры Б.Бердімұратов жаңа жобалар туралы айтып берді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.
Жиын барысында Мемлекет басшысына Түркістан қаласын дамытудың жоспары мен перспективалары жөнінде мәлімделіп, облыс орталығын Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіруге қатысты тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды.