Түркістан облысы: тарихы терең білім ордасының ұжымы 90 жылдық мерейтойын атап өтті

Сарыағаш қаласындағы Қабланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжіне биыл 90 жыл. Тарихы терең білім ордасының ұжымы мерейлі мерекелерін атап өтті. Айтулы шараға зиялы қауым мен аудан атқамінерлері қатысып, оқу ордасының адами әлеуетті дамытудағы ісіне жоғары баға берді.

Түркістан облысы: Шолаққорғанда орта мектептің қосымша жайы пайдалануға берілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік меркесі қарсаңында аудан орталығы Шолаққорған ауылындағы Асқар Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің қосымша жайы пайдалануға берілді. Зәулім ғимараттың ашылу салтанатында аудан әкімі Салыхан Полатов құттықтау сөз сөйледі.

Түркістан: мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған 5170 түлек диплом алғаннан кейін жұмысқа орналасқан

Түркістанда «Nur Otan» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының «Білім беру» бағыты бойынша комиссия отырысы өткені белгілі. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалында өткен жиынның күн тәртібінде «2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының Түркістан облысында орындалуы» талқыланды. Жетістіктер де, кемшіліктер де сөз болғанын айта кетейік.

Шымкентте «ХХІ ғасырдағы отбасы институты» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті

Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдағы отбасы институты» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізілді. «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының мақсаты – отбасы институтын қалыптастыру,  отбасылық құндылықтарды насихаттау бағыттары аясындағы жұмыстарды жүзеге асыру. 

В Келесском районе сдана новая школа на 300 мест

Состоялось торжественное открытие средней общеобразовательной школы имени Р.Алибекулы Биртилекского сельского округа Келесского района. В новом учебном заведении на 300 мест, построенной возле здания старой школы, созданы современные условия.

Түркістан: Созақта бір ерекше мектеп бар

Таукенттегі Ісмет Кеңесбаев атын иеленген орта мектеп Созақ ауданындағы ең ерекше білім ұяларының бірі. Бұл мектеп осындағы өндіріс жұмысшыларының балаларына арналып, 1984 жылы салынған.