«SHYMKENT IT HUB» форумында жаңа мүмкіндіктер қарастырылды
Шымкентте «SHYMKENT IT HUB – МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ» атты форум өтті. Форумға IT саласының мамандары, оқушылар және студенттер қатысты.
Шымкентте «SHYMKENT IT HUB – МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ» атты форум өтті. Форумға IT саласының мамандары, оқушылар және студенттер қатысты.
Шымкент қаласының спортшысы Жұмабек Нұрасыл әуесқойлар арасында шахматтан Әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.
"Жалпы, отандық бизнеске және шетел инвесторларына жол ашу – Үкімет пен барлық мемлекеттік органның міндеті. Ал олардың, яғни бизнестің және инвесторлардың заңды қызметіне кедергі жасау аса ауыр құқық бұзушылық деп саналуға тиіс. Демек ондай әрекетке жол бергендер тиісті жазасын алады. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Ал кәсіпкерлер мен инвесторлар өз жұмысын адал жүргізіп, заңды сақтап, салық төлеуден жалтармауы керек". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында осылай деген еді.
Шымкент қаласының әкімі кезекті жұмыс сапары барысында Әл-Фараби ауданындағы «Бадам» өзенінің жағалауында жүргізіліп жатқан абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарымен танысты.
Биылғы жылдың көктемінде Шымкент қаласы әкімдігі мен түрік «Aksa Energy» компаниясының өкілдері арасында маңызды меморандумға қол қойылған болатын. Құжатқа сәйкес, қалада қуаттылығы 500 МВт болатын заманауи бу-газ қондырғысын (БГҚ) салу жоспарлануда. Жобаны сәтті жүзеге асыруға қажетті жұмыстар жүйелі түрде басталып кетті.
Бүгінде Шымкентте жалпы халық саны 1 243 906 адамды құрайды. 935 230 азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтылған. Оның ішінде 700 мыңнан астамы жеңілдік санатына кіретін азаматтар.
Шымкенттегі Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Орталық Азия елдері театрларының IX Халықаралық театр фестивалі өтті. Өнер мерекесіне елімізбен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Татарстан, Әзірбайжанның театр ұжымдары қатысты.
Бүгін Шымкент қаласында Ұлттық бала асырап алу агенттігінің ұйымдастыруымен «Баланың бақытты мекені – Отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстанда Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу бойынша ақпарат беріп, қатысушылар арасында пікір алмасу болды. Қазіргі таңда бұл институтқа қатысты заң жобасы Мәжілістің жұмыс тобының қарауында.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын аясында Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. Оның ішінде 2000 орындық – 8 мектеп, 1500 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 7 мектеп және 600 орындық 1 мектеп бар. Осы жоба аясында бүгін Шымкентте алғашқы екі жайлы мектептің техникалық ашылуы өтті. “Нұршуақ” шағынауданындағы 2000 орындық жаңа білім беру мекемесіне 1130 оқушы қабылданды. Ал, “Қарабастау” тұрғын алабындағы 1200 орындық мектепте 950 бала білім алып жатыр. Айта кетейік, жайлы мектептердегі сабақ оқу жылының екінші тоқсанынан басталды.
Заманауи мектептерде бастауыш және жоғарғы сынып оқушыларына арналған бөлек блоктар қарастырылып, олардың дамуы мен оқуына қолайлы жағдай жасалған. Бұдан бөлек, ерекше қажеттілігі бар балалар үшін кедергісіз орта ұйымдастырылып, заманауи пәндік кабинеттер, STEM-зертханалары және робототехника сыныптарымен жабдықталған.
Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлініп, цифрлық бейнекамералар мен турникеттер орнатылған. Білім беру мекемесінде хореография залы, төрт спорт залы, демалыс аймақтары, воркаут және нетворкинг аймақтары да бар. Мұнда балалар өзара еркін араласып, қызығушылықтарын дамыта алады.
Жалпы, Шымкентте ұлттық жоба аясында 18 қолайлы мектеп ашу жоспарланған.
2022 жылы 46 мектеп ашылса, 2023 жылы 21 мектеп пайдалануға берілген. Оның ішінде 3 мемлекеттік мектептің қосымша ғимараттары мен 19 928 оқушыға арналған 18 жекеменшік мектеп бар. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Шымкент қаласында үш ауысымда оқытатын мектептердің мәселесі толығымен шешімін тапқан. Еске салайық, Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде апатты және үш ауысымды мектеп пен орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр.
«Qamqor» өңірлік тұрғын үй бағдарламасының басталуы, шарттары жөнінде баспасөз брифингі өтті. Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Көпжан Төлебаев, «Отбасы Банкі» АҚ Шымкент қаласы филиалы директорының орынбасары Еркін Ахыншаев бағдарламаның тиімді тұстарын, азаматтарды баспанамен қамту жұмыстарының барысынан хабардар етті.