Созақ ауданының әкімі ел мерейін асқақтатып жүрген жас таланттарды қабылдады

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков ел абыройын асқақтатып жүрген созақтық жас таланттарға құрмет көрсетті. Жас спортшы Дияр Аманәліні, жас өнерпаз Алмас Асылхан және оның жетекшісін арнайы қабылдап, жетістіктерімен құттықтады. Аталған азаматтардың бірі – бозкілемде ел намысын қорғап, әлем чемпионы атанса, бірі – көркем сөзбен көрермен жүрегіне жол тауып жүрген жас өнерпаз.

Созақ ауданында «Абай әлемі» атты ұлт рухымен ұласқан рухани кеш өтті

10 тамыз – Абай күніне орай Созақ аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай әлемі» атты ашық аспан астындағы әдеби-мәдени іс-шара өтті. Рухани кешке кітапхана оқырмандары, ұстаздар, жастар, ардагерлер, ақ жаулықты әжелер мен аналар, өнерпаздар және мәдениет саласының өкілдері қатысты.

Түркістанда Абай күніне орай рухани-мәдени іс-шара өтті

Бүгін Түркістан қаласының Мәдениет үйінде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұлықтауға арналған мерекелік іс-шара өтті. Шараға қаланың белсенді жастары мен пробация қызметінің есебіндегі жастар қатысып, Абайдың өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасымен жақынырақ танысты.

Түркістанда Абай мұрасы ұлықталып, жастарға «Абай жолы» сыйға тартылды

Түркістан қаласында ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәдениет және өнер қайраткерлері, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Серозды менингит: болжамы және алдын алу шаралары

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы серозды менингиттің алдын алу және аурудың алғашқы белгілерінде медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығын ескертеді.

Созақ ауданының жас ауыр атлеттері облыстық біріншілікте жүлдегер атанды

5-9 тамыз аралығында Түлкібас ауданында 2010 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Түркістан облысының ашық чемпионаты өтті. Аталған жарысқа «Созақ аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің құрама командасы қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Сауран ауданында ауыз су, табиғи газ және жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралды

Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты маңызды екі мәселе қаралып, жауапты сала басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Чапаевка емханасында семинар өтті

Шымкенттегі "Чапаевка" емханасында кене энцефалиті және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шара барысында медицина қызметкерлеріне аталған аурулардың ерекшеліктері, жұғу жолдары, негізгі белгілері, емдеу және алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.

Желшешек: аурудың алдын алу және инфекцияның таралуын болдырмау

Желшешек — вирус арқылы таралатын, жедел инфекциялық ауру. Бұл аурумен көбінесе балалар, әсіресе балабақшаға баратын және мектеп жасындағы балалар ауырады. Желшешек жұқпалылығы өте жоғары инфекциялардың бірі болғандықтан, аурудың алғашқы белгілерін дер кезінде танып, науқасты оқшаулау және санитариялық талаптарды сақтау маңызды.