Сауран ауданының әкімі ардагерлермен кездесу өткізді
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров аудандық ардагерлер кеңесі және әжелер алқасымен кездесті. Ауданды дамыту бағытында жұмыс жоспарларымен бөлісіп, олардың ұсыныс пікірлерін тыңдады.
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров аудандық ардагерлер кеңесі және әжелер алқасымен кездесті. Ауданды дамыту бағытында жұмыс жоспарларымен бөлісіп, олардың ұсыныс пікірлерін тыңдады.
Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның апталық жиналысы болып өтті. Мәжілісті аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ашып, жүргізіп отырды. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың кезекті есепті кездесуі Қарашық ауылдық округі тұрғындарымен өтті. Аудан әкімі алдымен ауыл округінде атқарылып жатқан жұмыстардан бастады.
Сауран ауданында Түркістан облысы спорт басқармасына қарасты Сауран ауданы №1 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс IV сессиясы өтті. Сессияны Сауран аудандық мәслихатының төрағасы Сержан Байсбаев жүргізіп отырды. Сессияға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Республика күні 2001 жылдан бастап ұлттық мерекелер тізімінде болған. Бірақ 2009 жылы арнайы жарлықпен алынып тасталған болатын. Ал 2022 жылы маусым айында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде екінші рет аталып өтілуде. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміз тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасады. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болды.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы іске қосылды. Жылжымалы кітап пункті аудан әкімдігінің ғимаратында ашылды. Аудан әкімінің орынбасары Серік Сәдібаев пен мәдениет тілдерді дамыту, денешынықтыруы және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова мен аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Құндызай Налшиева арнайы қатысып, сөреге қойылған бірқатар кітаптармен танысты.
Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев аудандағы Алтын және Күміс алқа иегерлерін марапаттап, төсбелгілері мен куәліктерін табыстады.
Зауыт жылына 4 мың тоннаға жуық сүт өнімдерін шығарады. Мекемені магистралды газ құбырына қосу мәселесі Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кезекті Инвестциялық штабтың кезекті отырысында қаралды. Облыс әкімі жаңа жоба бастаушылар көтерген мәселелерді шешуді тапсырды. Инвесторлардың басым бөлігі инфрақұрылым тарту мәселесін ортаға салды.
Сауран аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаевтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы мен жер қатынастарындағы өзекті мәселелер күн тәртібінде қаралды. Жиналысқа ауылдық округ әкімдері мен олардың ауыл шаруашылығы мен жер қатынастарына жауапты мамандары қатысты.