Сайрам ауданында 1 мыңнан астам мал бордақылау орындарында бір мезгілде 42 мың бас мал бордақылануда

Түркістан облысы Сайрам ауданында 64 млрд. теңгеге 19 жобаны іске асырып, 614 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 12-сі өңдеу бағытындағы іске асатын жобалар. Биыл 6 айда 6,8 млрд. теңгеге 5 жоба іске қосылып, 155 жұмыс орны ашылды. Күнбағыс майын шығаратын цех, газоблок зауыты, алкогольсыз сусындар шығаратын зауыт, жылыжай құрылысы жүзеге асты.

Түлкібас ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 2025 жылы 77 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған

Түлкібас ауданында жаңа өндіріс орындары іске қосылып, 3 мың 635 жаңа жұмыс орны ашылады. Жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 60 млрд. теңгеден асыру жоспарланған. Алдағы үш жылда жалпы құны 10 млрд. теңгеден асатын 9 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Нәтижесінде 200 жаңа жұмыс орны ашылып, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 2025 жылы 77 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Бұл туралы Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесуінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.

Түркістан облысында 2027 жылға дейін 500 гектарға жаңа жылыжай салу жоспарланып отыр

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында аграрлық салаға аса басымдылық беріп, инвестициялық-инновациялық тартымдылығын арттыру, Қазақстанды Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналдыру міндетін қойып отыр. Ол үшін алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізу көзделген. Бұл бағытта Түркістан облысында жоспар жасалып, ауқымды жұмыс атқарылмақ.

Отырар ауданы: егістік жерлерге ағын су жеткізу мәселелері қаралды

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың аудан тұрғындарымен кезекті кездесу жиыны  Қоғам және Қарғалы ауыл округтерінде өтті. Кездесуде аудан басшысы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, қос ауыл округінде көтерілген мәселелердің іске асу барысы туралы айтып өтті.

Сауран ауданында мақта майын өндіретін және мал азығын дайындайтын екі цех салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудан, қала тұрғындарымен есепті кездесулері Сауран ауданында жалғасты. Ашық форматта өтіп жатқан шара барысында өңір басшысы халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, ел дамуындағы жаңа бағдарламалардың негізгі бағыттарын түсіндірді.

Мақтааралдық диқандар биыл 36,3 мың мың гектар жерге мақта еккен

Мақтаарал ауданы экономикасының негізгі драйвері - ауыл шаруашылығы. Биыл жергілікті диқандар 61 мың гектар жерге егін еккен. Оның ішінде 36,3 мың гектары мақта дақылы. Мақта дақылынан алынатын өнімділікті және сапасын арттыру мақсатында Өзбекстандық «Globаl Textile» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, алғаш рет жаңа «Намаган-77» тұқымдық шит егілген.

Кентау: ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері үшін 27 600 000 теңгеге дейін несие беріледі

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудан, қала тұрғындарымен есепті кездесулері Кентау қаласында жалғасты. Кездесу барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, ел дамуындағы жаңа бағдарламалардың негізгі бағыттары түсіндірілуде. Өңір басшысы тұрғындарға жүргізілген жұмыстардың қорытындылары мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы есеп берді. Өңірдің даму көрсеткіштері мен аудан, қалаларды аралау кезінде көтерілген мәселелердің шешілуі бойынша баяндады.