Түркістан: туризмді дамыту жолдары талқыланды

Түркістан облысына келушілер мен туристер санында оң динамика байқалып отыр. 2022 жылы өңірімізге 470 мыңнан астам турист келген. Орналастыру орындары – 253,4 мың, шипажайлар – 142,4 мың, табиғи аумақтар – 74,9 мың туристі қабылдаған. Оған қоса 1,2 миллионнан астам зияратшы мен қонақ келген.

ШЫМКЕНТТЕ «ЕҢБЕК. ТҰЛҒА. ҚҰРМЕТ.» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы мүшелік ұйым «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» қоммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылы 26 қазанда Республика күніне орай, «ЕҢБЕК. ТҰЛҒА. ҚҰРМЕТ.» атты ұрпақтар сабақтастығы іс-шарасы өтті.
Іс-шараға «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Е.Әуесханов, М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Н.Әлібек, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Ә.Жанысбекова, Түркістан облысының мемлекеттік архивінің басшысы А.К.Исатаева, Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінің басшысы Г.С.Шардарбекова, Шымкент қаласы білім басқармасының «№80 ІТ лицей-мектебі» КММ-нің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Іс-шараға қатысушылар «Архив-2025» кешенді жоспарына сәйкес, Ресейдің архивтерінен әкелінген тарихи құнды және жеке тектік құжаттар негізінде жасалған «Туған өлке тарихы» көрмесін тамашалады.
Отандық және шетел архивтерінен әкелінген құжаттар негізінде жарыққа шыққан ІІ томдық «История крупных промышленных предприятий города Шымкент» жинағының тұсаукесері жасалды.
Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің жеке тектік қор құрушысы, Оңтүстіктің мәдениеті мен өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан, Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының актері, жастардың Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» Еркінбек Өксікбайұлы Шымырқұловтың жеке құжаттары мемлекеттік сақтауға алынып, архивтің қор құрушысы сертификаты табысталды.
Сонымен бірге Еркінбек Өксікбайұлы Шымырқұловтың оқушы жастармен және архив қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелерімен кездесуі өткізіліп, оның өмірбаяны мен еңбек жолдары және бірнеше тұлғалардың ролін сомдаған актерлік шығармаларымен таныстырылып, соның ішінде Абайдың ролін сомдаған бейнетаспа үзіндісі көрсетіліп, жастар бойында зор әсер қалдырды.
Іс-шара барысында филиал төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов жиынға қатысушыларды «25 қазан – Республика күні» мерекесімен құттықтап, «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» қоммуналдық мемлекеттік мекемесінің белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағының наградаларын табыстады.
Атап айтқанда: мекеменің «Архив құжаттарын пайдалану және жариялау» бөлімінің басшысы Гүлжайна Өмірбекқызы Тұрысбек «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен, мекеменің бухгалтері Эра Нұрманқызы Әлімбекова «Құрмет грамотасымен» және мекеменің археографы Қанат Тұрлыбекұлы Төретаев «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып, көркемөнерпаздар күй мен әндерін тарту етіп, көпшілік қатысушыларды сүйсінтті.

Түркістан: Кентаудағы жылу энергия орталығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Биыл Кентаудағы №5 жылу орталығы жылыту маусымын жаңа деңгейде қарсы алады. Аталған орталыққа мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында кезекті рет пысықталып, жауаптыларға тапсырмалар берілді.

Түркістан облысы: Шардара ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамуда

Мемлекет тарапынан акваөсіруді субсидиялау балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде. Облыста жасанды жолмен балық өсіру саласының әлеуеті өте жоғары. Түркістан облысы бойынша тауарлы балық өсірумен 154 кәсіпкерлік субъектісі айналысады.

Түркістан: 2025-2026 жылдары облыста тауарлы балық өндіру көлемі 30 мың тоннадан асады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, өңірде «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» бекітілген болатын. Жоспарға сай, биыл өңірде I тоқсанның қорытындысы бойынша 2559 тонна өндірілді. Бүгінде балық шаруашылығымен айналысушыларға мемлекет тарапынан тиісті жеңілдіктер, субсидиялар беріліп отыр. Жоспарға сай, биыл облыста 6640 тонна балық өсірілуі қажет. Тауарлы балық өндіру бойынша Түркістан облысы республика көлемінде көш басында.

ШЫМКЕНТ: ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ БӨЛІМІНЕ 40 ЖЫЛ

Шымкент қаласындағы 10216 әскери бөлімінің құрылғанына биыл 40 жыл толды. «Түркістан сарайы» мәдениет үйінде мерейтойға орай салтанатты жиын өтті.

2023 жылдың 1 қараша күні Шымкент қаласында орналасқан ҚР Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты 10216 әскери бөлімінің құрылғанына 40 жыл толады. 10216 әскери бөлімінің жеке құрамы күнделікті Оңтүстік өңірінің әуе шекарасын және Шымкент қаласының әкімшілік және әскери нысандарын қорғауда жауынгерлік кезекшілік атқаруда.

Жиында «ҚР Қарулы Күштері ардагерлері» РҚБ Шымкент қалалық филиалының төрағасы, полковник Серікбай Онбаев көпшілікті мерейтоймен құттықтап, әскери бөлімнің қызметіне табыс тіледі.

–1983 жылы құрылған әскери бөлім өздерінің әскери жауынгерлік дайындығы жоғары екенін оқу-жаттығу жиындарында әрдайым дәлелдеп келеді. Бөлімде небір белсенді, қадірлі азаматтар қызмет етті. Әскери бөлім өзінің даму тарихында талай қиындықтарды өткере келе бүгінде

ҚР Қарулы күштерінің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі таңда Шымкент қаласында он қоғамдық бірлестік бір мақсатта жұмыс істеп жатыр. Биыл 6 айда 400 ден астам іс-шара ұйымдастырдық. Өйткені біздің өскелең ұрпақ Отан қорғауға дайын болуы керек, – деді С.Онбаев.

Әскери бөлімнің командирі Орынбасар Жұбанов бірқатар азаматтарға кезекті әскер шенін және арнайы алғыс хаттарды табыс етті. Бөлімнің жеке құрамы өз қызметінде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға және әуе шекарасын қорғауға зор үлес қосып келеді.

Жиын соңында Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, бригаданың қару-жарақ жүйесі қуатты, заманауи зениттік-зымырандық кешендермен, заманауи радиолокациялық станциялармен және кешендермен жабдықталған. Бөлімде 1000 ға жуық әскери бар. Күнделікті 400 сарбаз өңіріміздің әуе кеңістігінің тыныштығын сақтау үшін кезекшілік етеді.

 

 

 

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласының әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалы тарапынан осы саланың жалпы 26 қызметкеріне марапаттар табысталды.
Оның ішінде:
«Қызмет» салалық кәсіподағының «Алғыс хатымен» - 1 адам, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен – 5 адам, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» - 8 адам, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хатымен» - 9 адам, Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» - 2 адам, Шымкент қалалық маслихатының «Алғыс хатымен» - 1 адам марапатталды.
Атап айтқанда:
«Қызмет» салалық кәсіподағының «Алғыс хатымен»:
1. Медарова Ұлбике Басымбекқызы - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыскері.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен:
1. Досбаева Акмарал Акылбековна - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің басшысы.
2. Усенбаева Аскар Амантаевич - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі басшысының әкімшілік-шаруашылық жөніндігі орынбасары, бастауш кәсіподақ ұйымының төрағасы.
3. Куралова Айнура Нуритдиновна - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» КММ-нің әлеуметтік жөніндегі маманы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
4. Белгибаева Гулия Байзаковна - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
5. Камшыбекова Лаззат Утемисовна - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің бас есепшісі.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен»:
1. Утебекова Каракөз Бейсенбековна - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» «№5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің тәрбиешісі.
2. Булакбаева Дилноза Абдуллаевна - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» КММ-нің психологы.
3. Үрбалаева Мақпал Мухамеджанқызы - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы» КММ-нің еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушысы.
4. Абитаева Нуржамал Абитаевна - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің еңбек нұсқаушысы.
5. Байдибекова Шарипа Адильхановна - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің аға медбикесі.
6. Кулышова Жамила Алимбергеновна - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің аға мейіргері.
7. Касымбекова Эльмира Абдужалиловна - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№9 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің аспазшысы.
8. Рустамов Аднабек Тиллабекович - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің енбек терапия жөніндегі нұсқаушысы.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хатымен»:
1. Нұрбекова Айгүл Адырбекқызы - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» «№5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің санитар-тазалаушысы.
2. Оспанкулова Эльмира Насыровна - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» КММ-нің техник қызметкері.
3. Мырзақұлова Ақнұр Төлбасықызы - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы» КММ-нің бас бухгалтер-бөлімше тобының басшысы.
4. Сағынтай Мөлдір Нұрханқызы - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы» КММ-нің кадр жөніндегі инспекторы.
5. Отарбаева Салтанат Мейрамбековна - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің әлеуметтік қызметкері.
6. Сайдалиев Арыстанбек Сапаргалиулы - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің палата санитары.
7. Ажибекова Сауле Абилкызы - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің палаталық санитары.
8. Демина Ольга Олеговна - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№9 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің ваннашы-санитары.
9. Кенжебекова Жупар Абаевна - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің ас таратушысы.
Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен»:
1. Нәлжанов Ғалымжан Қошқарбайұлы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маман-заңгері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.
2. Балтабаева Жулдызхан Шухралиевна - Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
Шымкент қалалық маслихатының «Алғыс хатымен»:
1. Усенбаев Асқар Амантайұлы - Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің еңбек нұсқаушысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.

Түркістан: Қытайға іссапар нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша инвесторлар тартуға қол жеткізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы мамыр айында Қытайдың Сиань қаласындағы қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, қытайлық іскерлік орта өкілдерін серіктестікті нығайтуға шақырып, өзара, оның ішінде өңіраралық ынтымақтастықты түрлі деңгейде жандандыру қажет екенін атап өткен болатын.

Түркістан: Сайрам ауданында мал қалдықтарын терең өңдейтін зауыттар салынады

Сайрам ауданындағы мал бордақылау алаңдары мен мал сою бекеттерінің жұмыстары қадағаланып, ретке келтіріледі. Малдың қаны мен сүйегін ретсіз тастаудың жолы кесіліп, санитарлық талапқа сай болуы бақыланады. Сонымен бірге малдың қанын, сүйегін, ішек-қарнын, терісін терең өңдейтін зауыттар ашылады.

Түркістан: құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. Мәжілісте өңірдегі маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, облыстағы қоғамдық-саяси ахуал, конго-қырым қызбасының алдын-алу шаралары және шаруаларды ағын сумен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.