Түркістан: өрттің алдын алу мақсатында 200-ден аса рейд жүргізілді

Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асанғали Төлепбергенов айтты. Бүгінде облыс аумағында орман-дала өрттерін алдын алу мақсатында «Орман, дала өрттерін алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар» жоспары бекітіліп, бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

Түркістандағы халықаралық әуежайдың әлеуетін көтеру жолдары қаралды

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту, жұмысын жандандыру мәселесі талқыланды. Өңір басшысы замануаи әуежайдың мүмкіндігі мен әлеуеті толық қолданылмай отырғанына тоқталып, жауапты басқарма басшысына тапсырма беріп,  әуежай басшылығына ескертпе мен ұсыныстарын жеткізді. 

Түркістан: орман тұқымбағындағы 33 гектар жерге әртүрлі ағаш-бұта тұқымдары себілген

Түркістан қаласында жасыл алқап көлемін ұлғайту жұмыстары жүзеге асуда. Облыс  әкімі Дархан Сатыбалды аталған саладағы жұмыстарды қадағалап, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев пен орман саласының басшыларымен бірге «Жасыл белдеу» нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Түркістан: тапсырмалар мен өтініштердің орындалу барысы зерделенді

Түркістан облысы әкімдігінде тапсырмалардың орындалуы мен тәртібі жөнінде мәжіліс өтті. Күн тәртібінде құжат айналымы және облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының жүзеге асуы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу жағдайы, орындаушылық тәртібінің жай-күйі, облыс әкімінің халықпен кездесу барысында көтерілген мәселелердің орындалуы барысы талқыланды.

Түркістан қаласының қауіпсіздігі 812 бйнекамера арқылы бақылануда

«Қауіпсіз қала» жобасы аясында Түркістан қаласында 812 бейнебақылау камерасы іске қосылған. Бақылау камералары «Жеңіс» саябағы, «Алтын орда» автобекеті, «Керуен сарай» сауда кешені, «Қуаныш» базары бағыты бойынша, Тәуке хан даңғылы, С.Ерубаев, М.Тынышқұлов, Төле би, Нышанов көшелері, Түркістан теміржол станциясы аумағында орнатылған.

Түркістанның ажарын аша түсетін жобалар жүзеге асырылып жатыр

Түркістан қаласын көркейту жұмыстары облыс басшысы Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында. Аймақ басшысы қаланы абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды тексеріп, мердігер мекеме басшыларына сын-ескертпелер жасады. Облыс әкімі жауапты басшыларға жобалардың сапасына аса мән беруді ескертті.

Түркістанда белсенді демалыс саябақтары мен туристік нысандардың қатары көбейіп келеді

Түркістан қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысымен Белсенді демалыс саябағының құрылысы басталған. Мұнда тропикалық өсімдіктері бар жылыжай, сахна, трибуна, 2 субұрқақ, ойын алаңы, 2 скейтбординг және шатырлар салынады.

Түркістан облысының ауыл кітапханаларына 26 мың кітап үлестірілді

Түркістанда Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай Облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» атты рухани мәдени іс-шарасының қорытынды кеші өтті.