Түркістан: дала өрті қаупінің алдын алу жұмыстары күшейтілген
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Асанғали Төлепбергенов айтты.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Асанғали Төлепбергенов айтты.
Түркістан облысының «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев өңір тұрғындарының арыз-өтініштерін тыңдады. Қабылдауға жазылған 10 азамат маңызды мәселелер жөнінде талап-тілектерін жеткізді.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы бірқатар нысанның құрылыс алаңында болып, жұмыс қарқыны мен сапасын тексерді. Мердігер мекеме басшыларымен кездесіп, нақты тапсырмалар жүктеді.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Өңірді дамыту үшін инвестиция тарту және жаңа кәсіпорындар ашуға басымдық берілгенін атап өтті.
Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті. Облыс әкімі Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазіргі таңдағы жай-күйін баяндап, алдағы таңда атқарылатын жұмыстардың жайымен бөлісті.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Президент Үкімет пен атқарушы органдарға отандық өндірісті ұлғайту, азаматтардың нақты табысын арттыру, экономиканы әртараптандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Түркістан облысында осы бағытта қарқынды жұмыс жүруде. Орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Дархан Сатыбалды осы мәселелерге жеке-жеке тоқталды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Астанада өткен баспасөз брифингінде мақта шаруашылығын дамыту, мақташылар жыл сайын тап болатын мәселелері жөнінде баяндады. Өңір басшысы аймақта мақта кластерін дамыту бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аймақта жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуеті артып келеді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды айтты. Облыста мал басы және өнімділігі орташа есеппен 4%-ға өсуде. Ет экспорты бойынша Түркістан облысы республикада бірінші орында тұр. Ірі қара мал етінің үлесі – 85%, ұсақ мал 60% құрайды. Биылғы 5 айда 5 мың тонна ірі қара мал еті, 3 мың тоннаға жуық қой еті экспортқа жөнелтілді.
Түркістан облысында алғашқы жарты жылдықта 55 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін 109 мың адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылады. Бұл туралы Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасында облыс әкімі Дархан Сатыбалды айтты. Облыс әкімі жұмыспен қамту бағыты бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда мақұлданған жобалар көрсеткіші бойынша Түркістан облысы елімізде көш бастап тұр.