Сауран: ардагерлер Жолдауға қолдау білдірді

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық ардагерлер кеңесінің алқа отырысы өтті. Алқа отырысына аудан әкімінің орынбасары С.Садибаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов пен ауданға қарасты ауылдық округтердегі төрағалары, ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбеков, бөлім мамандары қатысты.

Сауран: аудан әкімі жергілікті кіріс көздерін арттыру бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды

Бұл туралы аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев нақты айтты. Жергілікті кіріс көздерін арттыру бойынша жұмысты жандандыру қажет деді ол. Ауыл әкімдеріне салық базасын ұлғайту шараларын үздіксіз ұйымдастыруға күш салуды тапсырды. Аудан әкімі төрағалық еткен аппарат жиынында төрт мәселе қаралды.

Отырар ауданында жалпыаудандық сенбілік өтті

Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында және елді мекендерде жалпы аудандық сенбілік өтті. Сенбілік шарасына аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен ауыл округі әкімдіктері, мекеме қызметкерлері шығып ауданның тазалық жұмыстарына үлес қосты.

Отырар ауданы: кәсіпкер мұқтаж отбасыға үй салып берді

Жалпы көпшіліктің игілігі үшін ізгілікті істердің жүзеге асырылуына ұйтқы болып, қамқор пейілін, перзенттік ыстық ықыласпен нақты істерімен жарқырата көрсетіп жүретін белді кәсіпкер Балтабай Асанов жекеленген әлеуметтік жанашырлық көмекке мұқтаж жандарды да назарынан, қамқорлығынан тыс қалдырған емес.

Отырар ауданы: «Туған жерге тағзым» акциясы аясында халыққа тегін медициналық қызмет көрсетті

Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының әлмисақтан жалғасқан салты. Ол - ұлттық санамыздағы аса қастерлі ұғым. Туып өскен өлкеге еңбегімен елеулі болған азаматтар аз емес. Олар туған жерге, туған елге қызмет етудің бірегей жолы - адал еңбек деп біледі.

Отырар ауданында спорт саласының үздіктері марапатталды

Отырар ауданында спорт саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ауданның үздік спортшылары мен жаттықтырушылары марапатталды. Аудандық мәдениет сарайында өткен мерекелік шарада аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов ауданның спорт саласында қызмет атқарып жүрген барша қызметкерлермен спортшыларды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, оларға толағай табыстар тіледі.