ШЫМКЕНТТЕ СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды. Жиында көктемгі егіс жұмыстарының алдын ала қорытындылары мен су қоймаларындағы қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.

Айта кетейік, Шымкентте егістікті әртараптандыру мақсатында биыл 26,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өнімділікті арттыру үшін егін шаруашылығын қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларға жеңілдетілген бағамен жанар жағармай қарастырылған. Көктемгі егіс жұмыстарының барысы толықтай бақылауға алынған, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасатын болады.

Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, егіс алқаптарын арамшөптер мен зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды.

Төтенше жағдай министрлігі шомылу маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция департаменттерімен, әкімдіктермен бірлесіп, ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін қолға алған. Шымкенттің климаттық жағдайына байланысты су қоймаларындағы қауіпсіздік, профилактикалық жұмыстар сәуір айынан бастап қарқынды жүргізілуде.

Қала аумағындағы 3 орында, атап айтқанда, Тоғыс су қоймасының «Холодильник» демалыс орнында, Бадам су қоймасының «Рахат Бадам» аймағында, Қошқар ата өзенінің бастауында шомылуға рұқсат етілді. Рұқсат етілмеген 13 орынға қатысты халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қауіпті аумақтарда жедел құтқару жасағының қызметкерлерінен кезекшілік ұйымдастырылды.

Сәуір айынан бастап судағы қауіпсізідікті сақтау бойынша 41 рейдтік шара жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті, демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізілуде.

Премьер-Министр жауаптыларға су қоймаларында бақылау шараларын қадағалау бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.

 

ШЫМКЕНТ: ЫНТЫМАҚ-2 ЕЛДІМЕКЕНІНЕ ТАБИҒИ ГАЗ ТАРТЫЛАДЫ

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағын ауданының 11 мыңнан аса халқы бар. Шағын ауданда 67 көше және 2800 жеке секторлы үй бар. Сондай-ақ, 1 мектеп, 3 балабақша, 5 ойын алаңшасы орналасқан. Ынтымақ-2 аталатын елдімекендегі 67 көшенің 7-і асфальтталса, 54-іне шағал тас, ал алтауына топырақ төселген.

Сондықтан бекітілген жоспарға сай келесі жылы шағын ауданда 12 көше, атап айтқанда:

1. Қайынды көшесі

2. Дарабоз көшесі

3. Таңнұры көшесі

4. Имантау көшесі

5. Іле көшесі

6. Орда (Батыс) көшесі

7. Жаңақоғам (Батыс) көшесі

8. Сазсырнай (Батыс) көшесі

9. Жоласар (Батыс) көшесі

10. Сарқан (Батыс) көшесі

11. Сарыжаз көшесі

12. Голд алюминий көшесі жөнеледі деп жоспарланған.

Ал, талшықты интернет желісі 2024 жылы тартылады. Сонымен қатар спорт алаңшаларын салу мақсатында шағын аудан аумағынан бүгінде жер телімі қарастырылып жатыр. Айта кетейік, елдімекен 100 пайыз электр жарығы және ауыз сумен қамтылған.

Табиғи газ мәселесіне келсек, Ынтымақ-2-ге газ құбырын тарту үшін жоба құны 2,8 миллиард теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Мұндағы құрылыс жұмыстары биыл 2023 жылы жүргізіледі, ал аяқталу мерзімі 2024 жыл.

Айта кетейік, Тұран ауданының аумағында орналасқан 6 нысанға газ құбырларын жүргізу жұмыстары межеге сай жүргізілуде. Олар Тассай, Тұран 3-ші кезек, Асар-2, Сауле шағын ауданы, Солтүстік саяжай, Бозарық шағынаудандары. Сонымен Тұран шағын ауданын газбен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының 3-кезегі биыл аяқталатын болады. Мердігер мекеме 2022 жылдың мамыр айында ішкі орамдық жүйелердегі нысан құрылыстарын бастап, қазіргі күнге дейін жұмыстың 95 пайызын орындаған. Жоба бойынша Тұран шағынауданында 2 554 тұрғын үй 2023 жылдың маусым айында табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие. Нәтижесінде биыл Тұран ауданының табиғи газбен қамтылу көрсеткішін 94%-дан 96%-ға жеткізу күтілуде. 2023 жылы Арғымақ және Ақтас елді мекендері де табиғи газбен қамтылатын болады. Ал, 2022 жылдың соңында Арғымақ және Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту құрылысы толық аяқталды. «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан сынама жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 2023 жылы Арғымақ және Ақтас елді мекендері табиғи газбен қамтылатын болады.

ШЫМКЕНТТЕ 200-ДЕН АСА ОТБАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН АЛДЫ

Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға мемлекеттен тұрғын үй көмегі қарастырылған. Биылғы жылы Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй көмегіне 33 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Бұл сомманы 450 отбасыға төлеу жоспарланған. Шымкентқаласыәкімініңбаспасөзқызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері қалада 208 отбасыға тұрғын үй көмегі тағайындалыпты.

Көмек түрін алудың өзіндік шарттары бар. Тұрғын үй көмегіне үміткер меншік иесі болуы керек және меншігінде бір үйден (пәтер) артық баспана болмауы қажет. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш тиісті құжаттармен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе «e-gov» порталы арқылы қабылданады.

Талап етілетін құжаттар:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

2) жұмыс орнынан жұмысқа орналасқаны бойынша бұйрық немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

3) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

4) банктік шот;

5) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған түбіртектер; (өтініш білдірген тоқсанның алдындағы түбіртектер).

6) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот және жалға алған тұрғын жайдың келісім шартының көшірмесі.

Қосымша ақпаратты төмендегі мекен жайдан, көрсетілген телефон нөмірлері арқылы алуға болады.

Мекен жайы: Шымкент қаласы, Нұрсәт ш/а, Бәйтереков көшесі, 89 үй, (29 каб)

Байланыс телефон нөмірлері: 8 (7252) 27-71-29 , +77058687255.

Отырар ауданы: қоғамдық қабылдауда әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша азаматтарды қоғамдық қабылдаулар өткізу ұсынылған болатын.

Отырар: пробациялық есепте тұратындарға әлеуметтік қолдау көрсету керектігі айтылды

Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмахановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырар ауданы: ардагерлерге арналған демалыс үйі пайдалануға берілген

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен кездесуі Отырар ауданында жалғасты. Тарихи өлкеде ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды. Елмен еркін диалог орнап, өзекті мәселелер айтылды.

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Шымкент - Қазақстанның республикалық маңызы бар қала қатарында болғанымен өзіндік агро-белдеуі бар ерекше аймақ. Осыған сәйкес, қала аумағында мал шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді. 2022 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 1 074,0 млн теңге субсидия (393 өтінім) берілген болса, биыл бұл бағытқа жергілікті бюджеттен жалпы 1 071,8 млн теңге қаржы қаралған.

Қала аумағындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсету жалғасып келеді Атап айтқанда, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өткізген сүтінің құнын арзандатуға, мал басын көбейтуге, асылдандыруға, селекциялық жұмыстарға, құс еті мен жұмыртқа құнын арзандату, мал азығы құнын арзандату және тағы сол сияқты бағыттарға мемлекет тарапынан 350 млн теңгеге жуық субсидия қаражаты төленді.

Субсидиялау бағыттары бойынша:

Етті мал шаруашылығы

- Асыл тұқымды мал сатып алуға 150 000-300 000 теңге;

- Бордақылау алаңдарына өткізілген бұқашыққа 200 теңге (1 кг тірі салмағына);

- Асылдандыру жұмысына жылына 1 басқа 10 000 теңге;

- Жұмсалған мал азығына 1 басқа 35 000-50 000 теңге

Сүтті мал шаруашылығы

- Асыл тұқымды мал сатып алуға 200 000-400 000 теңге;

- Өндірілген сүттің 1 кг 20 теңге

- Асыл тұқымды ұрық сатып алу 5 000-10 000 теңге дозасы;

- Жұмсалған мал азығына 1 басқа 35 000-70 000 теңге

Жылқы, түйе, шаруашылығы

- Асыл тұқымды мал сатып алуға 100 000 теңге;

- Өндірілген сүттің 1 кг 60 теңге;

- Жұмсалған мал азығына 1 басқа 30 000 теңге

Құс шаруашылығы

- Асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алуға 60 теңге;

- Өндірілген 1 дана жұмыртқаға 3 теңге;

- Өндірілген құс етіне 1кг 50 теңге

Қой, ешкі шаруашылығы

- Асыл тұқымды мал сатып алуға 15 000-40 000 теңге;

- Бордақылау алаңдарына өткізілген еркек тоқтыларға 3 000 теңге;

- Асылдандыру жұмысына жылына 1 басқа 2 500-4 000 теңге;

- Жұмсалған мал азығына 1 басқа 8 000 теңге

Доңыз шаруашылығы

- Шет елден аналық асыл тұқымды мал сатып алуға 100 000 теңге;

- Асылдандыру жұмысына жылына 1 басқа 40 000 теңге;

- Жұмсалған мал азығына 1 басқа 7 000 теңге

Бал ара шаруашылығы

- Селекциялық асылдандыру жұмысына 1 балұяға 5000 теңге

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарынан

тел: 8(7252) 24-74-08 хабарласып, консультациялық кеңес алуға болады.

 

 

ШЫМКЕНТ: АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБСЫЛАРҒА КОММУНАЛДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ ТӨЛЕНЕДІ

 

«Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысының негізінде Шымкент қаласы  мәслихатының  2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/505-6с «Шымкент қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне сәйкес, аз қамтылған  отбасыларға тұрғын үй көмегі төленеді. 

Шымкент қаласының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушылары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегі тағайындалады.

Бұл ретте, коммуналдық төлемдер отбасы шығыстарының нормативтерi мен рұқсат етiлетiн шектi деңгейi шегiнде отбасының жиынтық табысының 5 % жоғары болған жағдайда ақшалай өтем түрінде  төленеді.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін  өтінішті  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) немесе «e-gov» портал арқылы төменде көрсетілген құжаттармен жүгінуге болады.

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

2) жұмыс орнынан жұмысқа орналасқаны бойынша бұйрық немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

3) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

          4) банктік шот;

5) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған түбіртектер; (өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектер).

          6) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот және жалға алған тұрғын жайдың келісім шартының көшірмесі.

ШЫМКЕНТТЕ 36 АВТОКӨЛІК ЖУУ ОРТАЛЫҒЫНА ЕСКЕРТУ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Аймағамбетов шаһардағы заңсыз автожуу нысандары бойынша баспасөз брифингін өткізді. Бауыржан Ильясұлының айтуынша, басқарма тарапынан 36 автокөлік жуу иесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Аталған автокөлік жуу орындарының иелеріне қатысты бірқатар құқық бұзушылықтар анықталды:

-құрылысты жобалық құжаттамасыз салу (ҚР ӘҚБтК 316-бабы);

-құрылысты авторлық және техникалық қадағалаушыларсыз жүргізу (ҚР ӘҚБтК 321-бабы);

-құрылысты құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы туралы хабарламаны ұсынбай жүргізу (ҚР ӘҚБтК 463-бабы).

2022 жылдан бері Басқарма тарапынан сот органдарына автокөлік жуу орындарына қатысты 14 талап-арыз жіберілді, оның ішінде мәжбүрлеп бұзу туралы 12 талап-арыз;

* Сот шешімімен 8 талап-арыз қанағаттандырылды; (4-уі сот орындаушының орындауында, 4-уі заңды күшіне енбеген).

* 1 талап-арыз қараусыз қалдырылды;

* 2 талап-арыз сотта қаралуда;

* 1 талап-арыз нысанның пайдалануға қабылдау актісінің рәсімделуіне байланысты бас тартылды.

— Заңнамада белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылдау актісі рәсімделгенге дейін нысандарды пайдалануды тоқтату туралы 2 талап-арыз берілген.

* 1 талап-арыз қанағаттандырылды;

* 1 талап-арыз сотта қаралуда.

Аталған заңсыз құрылыс нысандары Шымкент қаласының сәулеттік келбетін бұзады және қаланың инженерлік коммуникация жүйелеріне шамадан тыс жүктеме артады.

Жобалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаушыларсыз жүргізілген автокөлік жуу орындары пайдалану кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Сонымен қатар қазіргі уақытта 5 автожуу иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылғанға дейін құрылыс нысандарын өз еркімен бұзды.

Құрылыс салушыларды рұқсат құжаттарын алудан бастап, жұмыс жобасын дайындау, пайдалануға қабылдау актісіне дейінгі құрылыс процесіне қойылатын барлық талаптарды орындауға шақырамыз.

Көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда Заң талаптарына сәйкес, құрылыс салушыларға әкімшілік шаралар қолданылып, сот органдарына мәжбүрлеп бұзуға талап-арыздар жолданатын болады.

—Шаһарда құрылысты жобалық құжаттамасыз салу, авторлық және техникалық қадағалаушыларсыз жүргізген автокөлік жуу орындарының иелеріне қатысты бірқатар заңсыздықтар анықталды. 2022 жылдан бері басқарма тарапынан сот органдарына 14 талап-арыз жіберілсе, қазіргі уақытта мәжбүрлеп бұзу туралы 8 талап-арыз сот шешімімен қанағаттандырылды. Ал 5 автожуу иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанға дейін құрылыс нысандарын өз еркімен бұзды, - деді Б. Аймағамбетов.

Шымкент қаласының аудан аумақтарында заңсыз орналасқан кәсіпкерлік нысандардың иелеріне түсіндіру жұмыстары бойынша шаһарда жұмыс тобы құрылған еді. Тиісті басқармалар өз құзіреті шегінде жұмыс жүргізуде.

Басқарма басшысының орынбасары құрылыс салушыларды құрылыс процесіне қойылатын барлық талаптарды сақтауға шақырады.

 

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 3040 ПӘТЕР ШЫМКЕНТТІКТЕРГЕ БЕРІЛЕДІ

Шымкентте тұрғын үй құрылысы екі пайызға артқан. Бұл туралы құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Сансызбайұлы баспасөз турында мәлімдеді. Журналистер алдымен Әкімшілік-іскерлік орталығы, содан кейін Тұран – 2 және Бозарық шағын ауданындағы салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы барысымен танысып, сапасына көз жеткізді.

—Соңғы жылдары Шымкентте тұрғын үй құрылысы саласында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Оның бірден-бір дәлелі 2020 жылы тұрғын үй құрылысын жүргізу бұдан екі есеге дейін төмен болатын. Биылғы жылы 1 млн 73 мың шаршы метр үйді тапсыруды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 2 млн шаршы метрге дейін жеткізу көзделіп отыр. Ол үшін бекітілген арнайы жоспар бар. Басқарма тарапынан уақытылы, кезең-кезеңімен жұмыстар атқарылуда, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ құрылыс саласындағы жайсыз жағдайларды есекере отырып, құрылыс материалдарының сапасы да жоғары талаппен тексеріліп жатқандығын атап өтті. Құрылыс нысандары пайдалануға берілгеннен кейін мердігер тарапынан кеткен ақаулықтар үшін 5 жылға дейін кепілдік беріледі. Тұрғын үйлердің сапасы мен апаттық жағдайларға тұрақтылығы арнайы мамандардың тексеруінен өтеді. Қазіргі таңда Бозарық шағынауданында Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан 54 тұрғын үйдің – 2198 пәтер құрылысы жүргізілуде. 2023 жыл қорытындысымен 49 тұрғын үйді толығымен пайдалануға тапсыру жоспарланған. Ал, қалған 5 тұрғын үй келесі жылға өтпелі. Одан бөлек, биылғы жылы 9 инженерлік магистарлды нысанның 5-еуін толығымен пайдалануға тапсыру жоспарланған.

Айта кетейік, Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан әкімшілік-іскерлік орталығында 2020-2022 жыл аралығында жалпы 16 тұрғын үй пайдалануға тапсырылған. Ал биыл жыл соңына дейін 3040 пәтер ел игілігіне берілмек.