Түркістан қаласының жастарына жұмысқа орналасу, білім алу, және кәсіпкерлік мәселелері бойынша кеңес берілді

Түркістан қалалық әкімдігінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің  басшысының орынбасары Баетов Ерназар Көпжасарұлы, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Садықова Ардақ Мәдіханқызы, облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Байсариев Ғани Оңалбекұлы және бас маманы Әсілбек Жандос Манарбекұлы, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының кәсіпкерлің басшы орынбасары  Көшкінбай Самат Жандарұлы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру  және әлеуметтік бағдарламалар, облыстық мәдениет басқармаларының өкілдері мен облыстық, қалалық Жастар ресурстық орталығының жастары мен, студент жастардың қатысуымен жиын өтті.

Түркістандық ұстаз 70-тен астам ерекше баланың арманын орындады

Түркістан қаласының тұрғыны Әсел Бимырзаева «Менің арманым» атты жобаны жүзеге асырып келеді. Қаладағы мектепте мұғалім болып қызмет атқаратын ол әр айда үйде оқитын мүгедектігі бар 10 баланың арманын орындап, қуанышқа кенелтіп отыр. Маусым айынан бесінші рет ұйымдастырылған игі іс барысында Әсел Маханбетқызы қаладағы 70-тен астам баланың кішігірім арманын орындады.

Түркістан қаласында «Қарттар күніне» орай «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды

Қарттар күні мерекесіне орай Түркістанда белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды.  Бұл орталық бірнеше қызметті атқарады. Біріншіден қариялар денсаулығын түзейді. Екіншіден түрлі шығармашылықпен айналысады.  Бұл орталық Түркістан облысы бойынша қариялардың өмір жасын ұзарту мақсатында жұмыс істейтін 10-шы нысан екенін айта кетейік.

Түркістан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 10 айда көрсеткен мемлекеттік қызметтерінің саны - 19225

Түркістан қаласы әкімдігініңЖұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова 2022 жылдың 10 айындағы жұмыс қорытындысы туралы мәліметтерімен бөлісті. Оның айтуынша, 2022 жылдың 10 айында  жалпы  19225 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің осы және басқа да мәліметтеріне тереңірек үңіліп, елімізде халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсету бойынша қандай шаралар жүзеге асырылып жатқанына кеңірек тоқталып өтсек.

Түркістан қаласында үйде оқитын 300 мүгедек бала әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілген

2022 жылдың тамыз айында Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген 1352 отбасыға (7642 адам)  211 310,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы төлем жүргізілген. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі хабарлайды.

Түркістан қаласында 32 жоба шеңберінде 547 жаңа жұмыс орындары құрылған

Жұмыспен қамтудың 2022 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес, Түркістан қаласында 2022 жылы 3155 азаматты тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтамасыз ету көзделсе, жылдың 6 айында Түркістан қалалық жұмыспен қамты орталығында ресми жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған 1354 азамат экономиканың түрлі салалары бойынша  тұрақты бос жұмыс орындарына жолданған.

Түркістан қаласында аз қамтылған 3727 азаматқа 1 млрд 144,8 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап, баспасөз брифингін өткізген болатын. Облыс орталығының басшысы брифинг барысында баяндама жасап қана қоймай, журналистердің қойған сауалдарына жауап берді. Қала әкімі көбіне-көп қасиетті қаладағы әлеуметтік мәселелерге – жұмыссыздықпен күрес, халықты әлеуметтік қолдау секілді мәселелерге көбірек тоқталып, ол мәселелердің қалай шешіліп жатқанын айтып берді.

Түркістан қаласында жұмыс істеу үшін уақытша тіркеуге қойылған шетелдіктердің 85 пайызы жұмысқа құжаттандырылған

Түркістан қаласында жыл басынан бері көші-қон қызметі арқылы 10 661 шетел азаматы Түркістан қаласы аумағына уақытша тіркеуге қойылған екен. Оның 5800-ден астамы облыс орталығына жұмыс істеуге келіп, бюджеттің пайдасына жеке табыс салығымен 56 миллион теңгеден астам ақша өндірілген. Жұмыс істеу үшін уақытша тіркеуге қойылған шетелдіктердің 85 пайызы жұмысқа құжаттандырылып отыр.

Түркістан қаласында әлеуметтік көмек көрсету жүйесі жолға қойылған

2022 жылы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беруге Түркістан қаласына жалпы 1 688 052,0 мың теңге жоспарланған. Оның 1 350 442,0 мың теңгесі республикалық бюджеттен, 337 610,0 мың теңгесі жергілікті бюджетттен қаралған.

Түркістан қаласында АХАТ секторы арқылы халыққа 3276 қызмет түрі көрсетілген

Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ секторы 2022 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша азаматтарға туу туралы, неке қию, неке бұзу, қайтыс болу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, т.б. қызмет түрлері бойынша 3276 қызмет көрсетіпті.