ШЫМКЕНТТЕ ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Шымкент қаласында алғаш рет ересектер арасында жамбы атудан Азия чемпионаты өтуде. 14-18 сәуір аралығына жоспарланған құрлық чемпионатында 14 мемлекеттен (Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тайвань (Қытай туымен), Таиланд және Қазақстан) келген, жалпы 64

спортшы бақ сынайды.

Бүгін жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шарада Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, ҚР Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың маңызы зор екеніне тоқталып өтті.

- Елімізде ұлттық спорттың дамуына айырықша назар аударылып келеді. Биыл Астана қаласында дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Шымкент қаласы спортшылары да ұлттық құрама сапында жауапты сайысқа қатысады. Ұлттық спортты дамытуда қаламызда кезекті рет халықаралық бәсеке ұйымдастырылып отыр. Шымкент қаласына қош келдіңіздер, - деді қала әкімінің орынбасары.

Спортшылар 4 стиль (жамбы, түркі, азия, мажар стильдері) бойынша жарысқа түседі. 15 сәуір мажар стилі, 16 сәуір азия стилі, 17 сәуір түркі стилі, 18 сәуір жамбы стилі бойынша сайыстар өтеді. 19 сәуірде шетелдік қонақтар Түркістан қаласына экскурсия жасайды.

Айта кетсек, Азия чемпионаты 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында ұйымдастырылып отыр.

 

Тілге тиек етейік, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Олимпиадаға дайындық штабының жетекшісі Елсияр Қанағатов Шымкент қаласына арнайы іссапармен келгені белгілі. Жұмыс сапары аясында биыл Парижде өтетін Олимпиада ойындарына Шымкент қаласынан қатысатын спортшылардың дайындығын пысықтап, бірқатар мәселелерді талқылау үшін жауапты өкілдермен кездескен болатын

Түркістанда дзюдодан ел чемпионаты өтуде

Түркістанда дзюдо күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстан барлығы 820 жас татами шебері қатысуда.

Жетісайда жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысы Жетісай ауданында заманауи денешынықтыру кешені пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жас спортшыларға жеңіс пен сәттілік тіледі.

Шымкент: Шахматтан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Бүгін Шымкент қаласында өткен шахматтан балалар арасындағы Ел біріншілігі аяқталып, марапаттау рәсімі болды. Жабылу салтанатына арнайы шақырылған мәртебелі қонақтар және жаттықтырушылар мен спортшылар қатысты. Жабылу салтанаты барысында Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова Ел біріншілігі жөнінде пікірін білдірді.