Шымкенттік мұғалім джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды

Қазір Абу-Даби қаласында Джиу-Джитсудан Азия Чемпионаты өтіп жатыр. 1-8 мамыр аралығына жоспарланған аламан жарыста қаламыздағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұлдызай Ибраева өнер көрсетіп, алтын алқа иеленді. Алғашқы белдесуде Вьетнам спортшысымен кездесіп, жартылай ширек финалда үндістандықты ойсырата жеңген шымкенттік мұғалім финалдық кездесуде Маңғолия спортшысын ұтып, жеңіске жетті. 

Шымкентте 33 спорттық ұйым жұмыс істейді

Бұл туралы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков мәлімдеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басрама басшысы 2024 жылдың 4 айында атқарған жұмыстары мен болашақтағы жоспарларымен бөлісті. 

Түркістанда бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған XXII халықаралық турнир жеңімпаздары анықталды

Түркістанда Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, «Барыс» орденінің алғашқы иегері Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы XXII халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Дүбірлі додада Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген жігіттер мен қыздардан құралған 200-ден астам спортшы 19 салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

Түркістан облысында былтыр 50-ден астам спорт нысаны пайдалануға берілді

Түркістан облысында 3814 спорт нысаны тіркелген. Оның 2673-і білім беру мекемелерінде орналасқан 3056 нысан ауылдық жерде (80%), 758 нысан қалалы жерде (20%) тіркелген. 2023 жылдың қорытындысымен 1000 адамға шаққанда спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 38,4 пайызға жетіп (жоспар 31 пайыз), жоспар толығымен орындалған.

Түркістан: облыс әкімі Қазақстан бокс федерациясының президентімен боксты дамыту жолдарын талқылады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп пен федерацияның вице-президенті, даңқты боксшы Мұхтархан Ділдәбековты қабылдады. Кездесуде бокс спортын дамыту, жас таланттарды табу, Олимпиада ойындарына даярлау мәселелері сөз болды. Облыс әкімі спорт саласын қолдауға әрдайым дайын екенін жеткізді.

Түркістан: Арыста мыңға жуық шабандоз қатысқан көкпар өтті

Арыс қаласында «Көмекбай» атшабарында Жайдарман және web сериалдардың жұлдыздары «Миллион» командасының демеушілігімен елден бата алу көкпар сайысы өтті. Дүбірлі додаға республиканың түкпір-түкпірінен бөлек, көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстаннан білегі болаттай шабандоздар қатысты.