Түркістандық саңлақтарды шаһар басшысы марапаттады

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов рухани шаһардың спортын дамытуға елеулі үлес қосқан спортшылар мен бапкерлерді марапаттады. Олардың қатарында республикалық және әлемдік ареналарында топ жарған жас өрендер бар. 

Түркістан облысының балуаны Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қытай елінің Тайбэй Тайчжунь қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты аяқталды. Айтулы додада Түркістан облысының спортшысы Санжар Құдайберген күміс алқаны олжалап, ел мерейін үстем етті. 

Түркістан облысы: «Арыс» футбол командасы Бірінші лигаға өтті

Футболдан Қазақстан біріншілігінің Екінші лигасында өнер көрсеткен «Арыс» командасы биылғы маусымды жақсы нәтижемен аяқтады. Келер жылы Түркістан облысының намысын Бірінші лига клубтары қатарында қорғайтын болады.

Түркістан: үстел ойындарына арналған спорт мектебі салынады

Алдағы уақытта Түркістан облысында үстел ойындарына арналған спорт мектебі ашылады. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев айтып өтті.

Түркістан облысы: Шардарада самбодан ашық біріншілік мәресіне жетті

Шағалалы Шардарада самбо күресінен облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өз мәресіне жетті. Спорттық сайыс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылды. 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен боз кілемдегі бәсеке екі күнге созылды. 

Түркістан облысында республикалық турнир аяқталды

Қазақ күресінен Төле би баба құрметіне арналған жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды. Ұлттық спортымыз ұлықталған жарысқа еліміз бойынша жүзге жуық балуан қатысып, бақ сынасты. Айта кетейік, бұл турнир осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. 

Түркістан облысы: Бокстан қыздар арасында халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті

Шардара ауданының құрылғанына 55 жыл толуына арналған бокстан 2004-2005 жылы туған және 2006-2007 жылы туған жасөспірім қыздар арасында “ШАРДАРА КУБОГЫ-2019” халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанаты барысында сөз алған Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы өңірден шыққан Әлем чемпиондарының саны 56-ға жеткенін мақтанышпен жеткізіп, бүгінгі күні сайысқа түскелі тұрған боксшы қыздарға сәттілік тілеп, жарысты ашық деп жариялады.