Шымкент: Қаратау ауданында ашық спорт алаңшалары пайдалануға берілді
Спорт алаңшаларына 50 орындық пен 50 қоқыс жәшігі орнатылды.
Спорт алаңшаларына 50 орындық пен 50 қоқыс жәшігі орнатылды.
Қазақстан Республикасының «Спорт күні» мерекесіне орай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов спортшылар, бапкерлер мен спорт саласының қызметкерлерін мерейлі мерекесімен құттықтады.
Шымкентте спорттық кешендерде санитарлық талаптың сақталуы қатаң бақылауда. Қазіргі таңда, «Қажымұқан» Орталық стадионында, «Металлург» стадионында, ескек есу су базасында, жеңіл атлетикалық манежде, «Орталық-су» кешенінде және Көркем гимнастика, «Тұмар», «Сұңқар», Садақ ату спорт кешендерінде оқу- жаттығулары өткізілуде.
Шымкентте спорт мектептері мен спорт секциялары жұмысын қайта бастайды. Спорт объектілері қызмет көрсетуге кіріспес бұрын мына талаптарды қатаң ескеруі керек:
Еліміздегі төтенше жағдай жарияланған күннен бастап бір қатар мемлекеттік мекемелер уақытша жұмыстарын қашықтықтан жүргізуде. Солардың бірі Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері. Карантин режимінде білікті бапкерлер шәкірттерімен қашықтық арқылы жаттығу жұмыстарын жүргізуде.
Түркістан облысындағы шағалалы Шардара өңірі «Шардара Армспорт» спорт клубымен танымал. Білектілер клубын әлемге таныту үшін енді Қазақстанда ғана емес әлемнің бірқатар мемлекеттеріне әуе тасымалын жасайтын «Skat airlines» компаниясы әуе журналдарында жарнамалайды.
Қазақстан Республикасының құрама сапында өнер көрсететін шардаралық спортшылар бүгінде мықтылығын әлемге мойындатып келеді. Шекара таңдамайтын спорт арқылы жерлестерімізге әлем жұртшылығына дәл осылай танылуға жол ашылды.
Ақтөбе қаласында гір тасын ұзын циклді көтеруден жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар, ересектер арасында ел чемпионаты мәреге жетті. Түркістан облысының білектілері үздік нәтиже көрсетті.
Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Жаңа жол ауылдық округіне қарасты «Жеңіс» ауылы жастарының ұйымдастыруымен Мақтааралда дала төсін дүбірлеткен аламан көкпар болып өтті.