Түркістан облысы: Отырар ауданында жастар арасында дүбірлі көкпар өтті
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы және "Жастар жылы" аясында Отырар ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Отырар аудандық ат спорты федерациясының және спорт бөлімдерінің қолдауымен жастар арасында командалық көкпардан «Отырар ауданы әкімінің жүлдесі» үшін облыстық ашық турнир өтті.