Түркістан облысы: Жетісай ауданының өрені көрші елден жеңіспен оралды

2019 жылы қараша айының 16-17 күндері аралығында Өзбекстан Республикасы Жыззақ облысы, Мырзашөл ауданының Гагарин қаласында грек-рим күресінен аудан әкімінің жүлдесіне арналған Республикалық ашық турнир болып өтті. Көршілес Мырзашөл өңіріндегі дүбірлі додаға Жетісай ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары қатысып келді. 

Түркістан облысында спорттың 9 түрін қамтыған спартакиада мәресіне жетті

Сонымен, Түркістан облысында ересектер арасында спорттың 9 түрін қамтыған спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күнінде қатысушылар кіші футболдан бақ сынасты. 

Түркістан облысының спортшылары «Make it possible» республикалық спартакиадасына қатыспақ

Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар арасында «Makeitpossible» республикалық спартакиадасы өтеді. Байрақты бәсекеге Түркістан қаласынан 22 жеткіншек қатысады. 

Түркістанда қазақ күресінен республикалық турнир өтті

Түркістанда «Тайқазан» республикалық турнирі өтті. Сайыс көне қаланың құрметті азаматы, қазақ күресінен спорт шебері Ерқанат Тәңірбергеновты еске алуға арналды. Дүбірлі додаға еліміздің барлық облыстарынан 18 команда қатысты. 

Конкурдан Әлем кубогының этапында түркістандық спортшылар жүлде алды

Алматы қаласында конкурдан Әлем кубогының этапы аяқталды. Дүбірлі додада Түркістан облысының Ұлттық спорт мектебінің спортшысы Шыңғыс Маликаждар Қазақстан құрама командасының сапында ел намысын қорғады. 

Түркістан өз чемпиондарын қарсы алды

Бүгін түнде Түркістан өз чемпиондарын қарсы алды. Колледж студенттері мен ұстаздарының және облыс әкімдігінің бірлесіп, күш салуының арқасында Түркістан облысының командасы өткен жылмен салыстырғанда үш бөлім бойынша жақсы нәтиже көрсетіп, 3-орын иеленді (2018 жылы 7-орынды иеленген болатын).