Түркістан облысы: Кентау қаласының дәстүрлі V ашық біріншілігі өтті

Кентау қаласында қараша айының 14-17 күндері аралығында "Б.Саттарханов" атындағы БЖСМ спорт залында грек-рим күресінен 2005-2007, 2008-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында спорт ардагері, "ҚР Дене шынықтыру мен спортқа еңбегі сіңген" медалінің иегері, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Есқара Тоқтасынұлының құрметіне арналған Кентау қаласының дәстүрлі V ашық біріншілігі өтті. 

Сарыағаштық палуан Еуропа кубогін ұтып алды

Словения мемлекетінің Градец қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Еуропа кубогында Түркістан облысы Сарыағаш аудандық №2 спорт мектебінің спортшысы Тоқтаев Ерлан Нұрбекұлы 60 келіде қарсыластарынан басым түсіп жарыс жеңімпазы атанды.

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданының оқушысы республикалық чемпионаттан жүлделі орынмен оралды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 4-15 қараша күндері аралығында Қостанай облысының Лисаковск қаласында 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында баскетболдан Қазақстан Республикасы чемпионаты болып өтті. 

Түркістан облысы: Арыс қаласында Ұлттық валюта күніне орай спорт жарысы ұйымдастырылды

Егемен елдің ажырамас айғағы ретінде ұлттық валютаның айналымға енуі қоғам өміріндегі аса маңызды оқиға болды. Бұл Қазақстан Республикасының дамудың дара да даңғыл жолына түскендігін көрсетті. Ұлттық валютаның пайда болуы нарықтық қарым-қатынастың дамып, тиімді банк жүйесінің қалыптасуына тың серпін берді. Бүгін орталық стадионда «Ұлттық теңге» күніне орай, Түркістан облысы қаржы басқармасы мен Арыс қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қаржы қызметкерлері арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізілді. 

Түркістан облысы: Созақ ауданы әкімі Әлем чемпиондарын қабылдады

Бүгін аудан әкімі әлемдік додада ел намысын қорғап, Әзірбайжан мемлекетінде грепплингтен, Сербия елінде гір тасын көтеру спортында Әлем чемпионатында табысты өнер көрсетіп, чемпион болып, жүлде алған Қуандық Ерғараев, Қобыланды Орынбасаров, Ерболат Ахмет, Мыңжасар Алпамысов, Мұрат Серікбаевты қабылдады. 

Түркістанда «Жемқорлықсыз салауатты қоғам» ұранымен бұқаралық марафон өтті

Түркістанда облысы әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық жүгіру марафоны өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, генерал-майор Хаким Көшқалиев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов және Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев бастаған жарысқа 300-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты. 

Түркістан облысы: Төлеби ауданында жеке кәсіпкер кіші футбол алаңшасы салып берді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қала мен өңіріңе, туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын айтып, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын.

Түркістан облысы: Еліміздің ауыр атлеттері Шардарада бақ сынады

Шардара ауданының құрылғанына 55 жыл толуына байланысты ауыр атлетикадан жастар арасында Түркістан облысының ашық кубогі басталды. Оған еліміздің түпкір-түпкірінен зілтеміршілер қатысып жатыр. Бұл сайыс өңірдегі спорттың осы түрін әлемдік аренаға алып шығуға негіз болмақ.