Түркістан облысы: Шардарада қол күресшілерге ескерткіш орнатылды
Шардаралық спортшылар аудан орталығынан «Чемпиондар аллеясын» ашып, ортасына қол күресшілердің ескерткішін орнатты. Себебі ауданда армспорт түрі жақсы дамыған.
Шардаралық спортшылар аудан орталығынан «Чемпиондар аллеясын» ашып, ортасына қол күресшілердің ескерткішін орнатты. Себебі ауданда армспорт түрі жақсы дамыған.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 26 қазан күні Шардара қаласындағы суқойма жағалауында тұңғыш рет халықаралық «Safari Shardara» атты фестиваль өтеді. Айтулы шарада қонақтар Қызылқұм өңірінің табиғатымен кеңінен танысып, құм қойнауы мен теңіз жағалауындағы түрлі ойын-сауықтар мен спорттық жарыстарды тамашалайтын болады.
Шардара топырағында тұңғыш рет өте жоғары деңгейде "Астана қаласының 20 жылдығына" арналған Грек-рим күресінен 2002-2004 және 2006-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өз мәресіне жетті.
Қазан айының 2-6 күндері аралығында Жамбыл облысының Меркі ауданында Меркі ауданының 90 жылдығы және ҚР спорт шебері Болат Намысбековты және жаттықтырушысы Жұмағали Байтиковты еске алуға арналған XVIIIхалықаралық турнирі өтті.
Қол күресші палуандарымыз қазан айының 12-21 күндері аралығында Түркия елінің Анталия қаласында өтетін армрестлингтен Әлем чемпионатына аттанбақ. Қазақстан Республикасының құрама сапында өнер көрсететін спортшыларды Түркістан облысы бойынша аға жаттықтырушы Сейфулла Нұрхалықов және Нұржан Төреқұлов бастап бара жатыр. Сәтін салса, қазан айының 10-ында жолға шығатын жерлестеріміз әлем біріншілігінде ел намысын абыроймен қорғамақ.
Мақтаарал ауданындағы «Алпамыс батыр» стадионында футболдан Қазақстан Республикасы біріншілігі Бірінші лига командаларының 2004 жылғы жасөспірімдері арасындағы жарыстың IV кезең ойындары болып өтті. Жарыста мақтааралдық жасөспірімдер оза шауып бірінші орынды жеңіп алды.
Жетісай ауданында жастар мен жасөспірімдер арасында спорттың футбол, волейбол, үстел теннисі түрлерінен «Студенттер және мектеп лигасының» салтанатты ашылуы өтті. Жиынға Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев, Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Мұхтар Бейсенбаев, Жетісай орталық стадионының директоры Бақыт Жаңбырбаев және спорт мектептерінің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Созақ аудандық орталық мәдени спорт кешенінде «Былғары доп» жүлдесінде 1968 жылы Одақты дүркіреткен «Шалқар» командасының 50 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерейтой аясында кіші футболдан республикалық жарыс өтіп, оған 12 команда қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Салыхан Полатов құттықтау сөз сөйлеп, «Шалқар» командасының ойыншыларына естелік сыйлықтар, мерейтойға арнап шығарылған альбом кітап табыс етті. «Шалқар» командасының капитаны, ардагер спортшы Аманғали Аймұрзаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабыл Еспенбетов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға табыс тіледі.