Super User

Super User

Отырарлық шаруалар «Ырыс-өркендеу» бағдарламасымен жұмыс істеуге ниет білдірді

«Ырыс» микроқаржы ұйымы Түркістан облысында жаңадан «Ырыс-өркендеу» бағдарламасын іске қосты. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба бойынша енді ұйым шаруаларға аванстық төлемсіз қаржылық лизинг түрінде қолдау көрсетеді. Бұл туралы «ОNTUSTIK» аймақтық инвестициялық орталығы» басқармасы төрағасының орынбасары Темур Абильдинов отырарлық шаруалармен өткен кездесуде сөз етті. 

Сарыағаш ауданында 54 кәсіпкерге 312 млн теңге шағын несие берілген

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауының жетінші қадамында адами капиталды жаңғырту үшін азаматтарды нәтижелі жұмысқа тартуға көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына жағдай жасау қажеттігі туралы айтылып, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының азаматтарға бизнесті үйрету жөніндегі атқарып жатқан жұмыстары қолдауға тұрарлық делінген.

Сарыағаш ауданында Елбасының Жолдауы кең көлемде насихатталуда

Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиевтің бекіткен жоспарына сәйкес ақпараттық – насихаттық топтар өз жұмыстарын бастады.

Түркістан облысының әкімі шетелдік қоғам белсенділерімен кездесті

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Мир через духовность» қоғамдық ұйымы кеңесінің Ресей мен Қазақстандағы өкілдерімен кездесті. Басқосуда тараптар таяуда Сайрам ауданында Англия мен Америкадан келген жоғары дәрежелі дәрігерлердің қатысуымен ұйымдастырылған халықаралық еріктілер лагері мен халықаралық медициналық конференцияның өткізілуіне байланысты сөз қозғап, медицина саласындағы әрмен қарайғы ынтымақтастық мәселесі туралы әңгімелесті.

Осы RSS каналға жазылу