Super User

Super User

Түркістан облысы: насихаттық топ тұрғындармен кездесті

Түркістан облысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау бойынша облыстық топ бірнеше аудан, қалаға іссапар жасады. Облыс әкімінің орынбасарлары басаған топтың құрамында зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, басқарма басшылары мен өзге де белсенді азаматтар бар.

Түркістанда халықаралық Еуразия көші-қон симпозиумы өтті

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында «Халықаралық Еуразия көші-қон симпозиумы» өтті. Басқосудың мақсаты - түркі елдеріне ортақ әдебиет пен мәдениетті қайта жаңғырту, рухани дүниелерді ұрпақ жадында қалдыруға ықпал жасау болатын.

Түркістан мен Алматы арасында туристік пойыз қатынайтын болады

Жақын күндері Түркістан мен Алматы қаласының арасында жүрдек пойыз бағыты ашылады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінде өткен кездесуде  белгілі болды. Шежірелі шаһарға арнайы атбасын бұрған «Тұран экспресс» компаниясы мен «Тұран.тв» телеарнасының бас директоры Роман Ботабеков алдымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қабылдауында болып, туризмді дамыту бағытында пікір алмасты. Облыс әкімі тарапынан қолдауға ие болған компания басшысы өңірдің туризмін дамытуға үлес қосатынын айтты.

Түркістан облысы: Елбасы Жолдауы кәсіподақтар тарапынан қолдау тапты

Шымкентте Түркістан облысы мен Шымкент қаласы кәсіподақ ұйымдарының мүшелері мен өкілдері қатысқан жиын өтті. Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауындағы басым бағыттар сөз болды.

Осы RSS каналға жазылу