Super User

Super User

Француз ғалымдары Түркістанның туристік әлеуетіне жоғары баға берді

Орта Азия мемлекеттерін зерттеп жүрген атақты француздық ғалымдар Түркістан қаласына келді. Қонақтар әуелі XIV ғасырдың соңында тұрғызылған Қ.А.Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлермен танысты. Кейін ғалымдар орта ғасырда өзінің берік қамалымен мәшһүр болған Сауран қаласына ат басын бұрды.

Түркістанда жаңа ғимараттар бой көтере бастайды

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Түркістан облысына ресми сапарында бірнеше отандық компанияға Түркістан қаласындағы әкімшілік орталықта ғимараттар салуды тапсырған болатын. Осыған орай Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қазақстандық инвесторлар «BI Group» және «Саутс-Ойл» компанияларының өкілдерін қабылдады.

Түркістан: ақпараттық-насихаттық топ аудан-қалаларда халықпен кездесіп, Елбасы Жолдауын түсіндіруде

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау бойынша 5 ақпараттық-насихаттық топ құрылған болатын. Облыс әкімінің орынбасарлары бастаған топ құрамында зиялы қауым өкілдері, оқытушылар мен ғалымдар, тарихшылар мен басқарма басшылары бар.

Түркістан облысы: Ж.Түймебаев түркістандықтарды қолжетімді баспанамен қамтуды тапсырды

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Оңтүстік филиалы директоры Құдайберген Сейтмамбетовпен кездесті. Жүздесуде «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының бағыттарының бірі - кредиттік тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелері қаралып, қолжетімді баспана мәселесін шешу жағдайлары сөз болды. 

Осы RSS каналға жазылу