Super User

Super User

Түркістан облысы: Отырар ауданына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келіп кетті

«Бюджет қоржынын туризм кластерін дамыту арқылы толтыру қажет». Бұл - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы. Соңғы жылдары осы бағытта көптеген шаруалар қолға алынып келеді. Президент пәрмен берген межелі міндет аясында Арыстанбаб және Отырар төбенің айналасын абаттандыру жұмыстары басталды.

Түркістан облысы: үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жанданатын болады

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың кітапханасында Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Түркістан облысы Азаматтық альянсының» ұйымдастыруымен үкіметтік емес ұйымдармен жиын өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолы талқыланған жиынға өңірдегі 30-ға жуық белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Түркістан облысы: Жолдау – ұстаздардың мәртебесін көтеруге бағытталған

Елбасының кезекті Жолдауында «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігін айтты. Бұл құжат мұғалімдер үшін жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен  тыс функциялардан арашалайтынын жеткізді. Сондай-ақ, Президент жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтілетінін тілге тиек етті.

Түркістан облысының жастары Елбасы қойған міндеттерді орындауға дайын

Президент өзінің жаңа Жолдауында жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс екендігін жеткізгені белгілі. Сондай-ақ, жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін нықтады.

Осы RSS каналға жазылу